12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру маңыздылығы

Бұрынғының заңы мен бүгінгінің заңы қоғам жаңарған сайын өз талабын өзгерте берері анық. Көнергеннен көркемделе түскен қоғам талаптарына қара халық пен қызметтегі адамның бейімделуі екі түрлі шығар. Ал бірақ, екеуінің де өмірлік ұстанымы бір және ол — тұлғалық әдептілік болуы тиіс.

Адам — қоғамды құраса, қоғамды қалыптастырып, реттеуші — мемлекет. Ал мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына ең алдымен мемлекеттік қызметші септік. Демек, әдеп яки, әдептілік қарапайым адамнан гөрі мемлекеттік қызметшіге қойылатын талапты екі еселейді.

Мемлекеттік қызметші жұрт алдында, қызметте және қоғамдық ортада оң имиджі қалыптасқан тұлға болуы керек. Адал, әділ, қарапайым, әдепті және сыпайы болу — осы бес асыл іс мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруда үлкен және маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік қызметшінің бойында: басшысы — ақыл, жетекшісі — талап, қорғаны — сабыр, қорғаушысы — мінез болу керек. Ақыл — ой мен сөздің, талап — табыс пен жетістіктің, сабыр — қарапайымдылық пен дұрыс қарым-қатынастың, ал мінез — әдептіліктің айнасы.

Мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Сондықтан да, осы талаптардың бәрін тәртіпке реттеуші құрал ретінде мемлекеттік қызметші үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен «Әдеп кодексі» (немесе Этикалық кодекс) қабылданған. Бұл екеуі біртұтас мемлекеттік қызметшінің іскерлік қасиеттері мен қызметтік әдебін айқындайды. Әдеп нормаларын мінсіз сақтау әлбетте, қызметтегі бағалау мен ілгерілеуге оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын, қағидаттарын толыққанды сақтап, талаптарын бұлжытпай орындауы: халықтың оған деген сенімін нығайтады, адамгершілік-моральдық бейнені артырады, әдепсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді, адаммен арадағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпал болады.
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы бойдағы жеті қасиетті түзеуді ұлағат еткен: «Ниетіңді түзе — ойыңа айналады, ойыңды түзе — ақылыңа айналады, ақылыңды түзе — сөзіңе айналады, сөзіңді түзе — ісіңе айналады, ісіңді түзе — әдетіңе айналады, әдетіңді түзе — мінезіңе айналады, ал мінез — сенің тағдырың!»

Міне, мемлекеттік қызметшінің имиджі саналатын осы түзу қасиеттер өн бойынан табылған мемлекеттік қызметші әрқашанда жұрт алдында абыройлы, қызмет бабында құрметті, мемлекет алдында жауапкершілікті тұтастай сезіне білетін және іскер болады.

Тараз қаласы №2 соты әкімшісінің басшысы Ж.Кутумбетова

«ОПМ Правопорядок»

С 10.05 -30 05.2024 г. В городе Астана проводится...

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын алу

20.05.2024 жылы Түрксіб ст. ЖПб ӘПб қызметкерлері және ӘТЖК...

БОРЬБА С ЗАКЛАДЧИКАМИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

СОГЛАСНО ДАННЫМ ОРГАНИЗАЦИИ WORLD POPULATION REVIEW, ПО ИТОГАМ ПРОШЛОГО...

ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ РАБОТЫ ЗАВЕРШЕНЫ

ЗАВЕРШЕНЫ ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ РАБОТЫ В НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ПОСТРАДАВШИХ...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ИЗ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ

КОМАНДА ИЗ ТРЕХ УЧАЩИХСЯ ИЗ БУЛАНДЫНСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...