Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар аясында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалану фактілері бойынша шектеудің сақталуы мәселелері бойынша арнайы семинар-тренинг және қарым-қатынас дағдылары бойынша мастер класс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) негізгі мақсаттарының бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелерін ұйымдастыруда орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қызметін үйлестіру болып табылады.

Мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзушылқтардың алдын алу – ол профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар семинар-тренингтер өткізу болып табылады.

Бұл ретте,мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар аясында Департамент басшысы Ш. Әлімханқызы Алматы қаласы әкім аппаратының әдеп жөніңдегі уәкілімен бірлесе отырып Алматы қаласы мемлекеттік органдардың басшылық құрамымен, әдеп жөніңдегі уәкілдермен, кадр қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шарада қызметтік автокөлікті тек қызметтік мақсаттарда пайдаланудың маңыздылығы жан-жақты қарастырылды. Департамент мемлекеттік ресурстарды ашық және жауапты пайдаланудың қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қызметтік көлікті жеке мақсатта заңсыз пайдалану мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіретін, орынсыз шығын ретінде қабылданады. Іс-шарада осындай бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен ережелерді бұзғандарға қолданылатын жауапкершілігі талқыланды.

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстағы этикалық нормалары қоғам тарапынан сенім қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Азаматтарға құрметпен және сыпайылықпен қарау, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше назар аударылды. Азаматтардың құқықтарын құрметтеу, құпиялылық және бейтараптық сияқты нормалар мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын қалыптастыруға көмектеседі.

Департамент ұйымдастырған қарым-қатынас дағдылары бойынша мастер классжоғары этикалық және кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Іс-шара барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – жұмыс режимін сақтау болды. Мәселелерді мерзімінде орындау және лауазымдық міндеттерді бұлжытпай орындау міндетті болып табылатын жағдайда, жұмыс режимі маңызды рөл атқарады. Кешігу немесе себепсіз үзілістер сияқты бұзушылықтар мемлекеттік органдарға деген халық сеніміне кері әсерін тигізеді. Агенттік қызметкерлерге тәртіпті қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салумен қатар, кәсіби жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметте этика мен жауапкершілік мәселелерін талқылауда маңызды тақырыптардың бірі болды. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қызметші жеке мүдделерін қызметтік міндеттеріне араластырмауы тиіс. Іс-шара аясында мүдделер қақтығысын анықтау және оны шешу жолдары, оның алдын алуға арналған механизмдер мен шаралар талқыланды. Мемлекеттік қызметшілерге мүдделер қақтығысына байланысты нұсқаулар беріліп, мұндай жағдайлардан қалай аулақ болу керектігі түсіндірілді. Бұл – мемлекет қызметінің ашықтығы мен азаматтардың сенімін сақтау үшін маңызды қадам.

Іс-шара барысында талқыланған тағы бір өзекті тақырып – мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияның алдын алу. Құмар ойынға тәуелділік (лудомания) жеке өмірге зиян тигізіп қана қоймай, қызмет бабын асыра пайдалануға да алып келуі мүмкін. Мұндай тәуекелдерді ескере отырып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы сияқты мәселелерге тап болған қызметкерлерге психологиялық көмек және қолдау көрсету бағдарламаларын әзірлей отырып, осындай ауытқуларды анықтау және алдын алу шараларын қабылдауда.

Деартаментпен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзушылқтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасатын болады. 

Ш. Әлімхан

Мемлекеттік істер агенттігінің

Алматы қаласы бойынша

департаментінің басшысы

Госслужащие Караганды продемонстрировали высокий уровень читательской культуры в проекте «Читающая нация»

В Карагандинской области завершился финальный этап направления «Читающий государственный...

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Әкімшілік әділет – «Еститін мемлекет» идеясының жарқын мысалы

Түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атамыздың: «Өткен...

Административная юстиция – яркий пример идеи «Слышащего государства»

2021 году правовой сфере Казахстана появился и начал функционировать...