12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстануы

Қазастан Республикасы Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұжымымен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне шығып семинар-кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Талқылау барысында пікір-таластар болды. Әдеп нормалары жан-жақты қызу талқыланып, сұрақтарға  тұшымды жауаптар берілді.

Сұрақ-жауап барысында, лудомания мәселесі талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта ойын құмарлыққа салынбауы бойынша, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі айтылды.

Ұжымдағы моралді-психологиялық ахуалдың жағдайын анықтау мақсатында анонимді түрде сауалнама жүргізіліп, департаменттің әдеп жөніндегі уәкіліне орындау үшін тапсырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейтін және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтатын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыратын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған шаралар кемінде тоқсанына бір өткізіліп отыру керектігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласы бойынша

Бақылау басқармасының бас маманы

Қошатаев Сәбит Рысбекұлы

«Ұлы дала жорығы»: фильм об уникальном конном марафоне презентовали в Астане

Презентация документального фильма о конном марафоне-байге «Ұлы дала жорығы»...

«Ұлы дала жорығы»: Астанада бірегей ат марафоны туралы фильмнің тұсаукесері өтті

Астанада «Ұлы дала жорығы» ат марафон-бәйгесі туралы деректі фильмнің...

Су тасқынынан кейін қазақстандық 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы...

202 казахстанские семьи получили дома и квартиры взамен разрушенного жилья после паводков

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительство РК продолжает...