spot_img
spot_img

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік қызметші болу — бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтанда әр саланың сапалы жұмыс істеуі мен оның жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті-халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті.

Себебі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу-жауапты міндет. Өйткені ол қай кездеде биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Жалпы мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жұктейтін, абыройлы лауазым болып табылады.Жоғарғы кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты.

Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты.

Маңғыстау облысының кәмелетке

 толмағандардың істері жөніндегі

 мамандандырылған ауданаралық

 сотының бас маманы

С.Толесбаева

Алматы қаласында 181 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

          Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды...

О некоторых вопросах ротации  государственных служащих

С какой целью  проводится ротация? Ротация проводится для повышения эффективности...

«Бітімгершілік — биік адамгершілік іс»

Бүгінгі таңда дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі татуластыру рәсімдері...

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...