Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру — уақыт талабы

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік — экономикалық  дамуының негізгі көрсеткіші.

Мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі таңның басты міндеттерінің бірі. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мейлінше автоматтандыру бірінші кезекте тұрғындар үшін өте ыңғайлы, екіншіден, қызмет сапасына оң әсерін тигізіп, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Сарыағаш  ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен 1 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары талаптарын сақтауды, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауға алынған.

Халық арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дәріптеу бойынша насихат жұмыстарын жүргізуді және қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  заңнама талаптарыныңсақталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру, қағаз және электрондық мемлекеттік қызмет қолжетімділігін арттыру – уақыт талабы.

                                                         Давланбеков Ермек,

                                                         Сарыағаш  ауданаралық сот актілерін

                                                         орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің

                                                         сот орындаушысы

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...