12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бұзылған құқық қалпына келтірілді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттеріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша функциясын жүзеге асыру жүктелген.

Департаменттің құзыретіне, мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын, оның ішінде шағымдарын қарау кіреді.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментіне, қызметті алушы өзінің анасына медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясымен белгіленген мүгедектіктің екінші тобымен келіспейтіндігі жөнінде  өтінішімен жүгінді.

Өтініштен, қызметті алушының анасы толығымен әрекетке қабілетсіз екендігі анықталды, яғни жүру, есту қабілеті жоқ, қозғала алмайды, есту аппаратын киеді. Ол жатыр, өз бетімен қозғала аламайды.

Бұл ретте, өтінішті зерделеу, комиссиямен мүгедекті анықтау кезінде жоғарыда көрсетілген негіздер ескерілмгендігін көрсетті.

Өз кезегінде, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің араласуынан кейін, жаңа ұсынылған медициналық құжаттарды зерттеуге байланысты, сондай-ақ мүмкіндіктердің шектеулілігіне байланысты мүгедектіктің бірінші тобы белгіленді.

Осылайша, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті, өтінішті қарау нәтижесінде мүгедектіктің екінші тобынан бірінші топқа өзгертуі бойынша шара қолданды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, ұқсас кездесетін бұзушылықтарды ескере отырып, азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді, өйткені біз миссия – халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және қызметімізді тартымды ету.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы
Гульжан Абдулрахманқызы Сабурова

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...