12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызмет алушы ретінде құқығыңыз бұзылса не істеу керек?

Елімізде мемлекеттік қызметтерді көрсету бірізділікке салынып, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қатардағы азаматқа қолжетімді, түсінікті болып отыр. Бұл ретте істелген жұмыс көп болса да, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, бағалау және бақылау бойынша міндеттер бар.

Қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес қызмет алуға құқығы бекітілген. Бұл талап бұзылған жағдайда, қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің шешімдеріне, әрекеттеріне, болмаса әрекетсіздігіне белгіленген тәртіппен шағымдануына болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жұмысының бір бағыты – мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау арқылы мемлекеттік қызмет алушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында Агенттік пен оның жергілікті жердегі департаменттері азаматтардың мемлекеттік қызмет алуға қатысты шағымдарын қарастырады.

2024 жылдың қараша айында Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен Н. атты азаматшаның ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 257-бабы 12) тармақшасына сәйкес өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі негізінде тегі мен әкесінің атын ауыстыруға қатысты шағымы қаралды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуші «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы Әуезов аудандық Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – АХАТ) дәлелді құжаттарды тіркеу қажет деген түсіндірумен түзетуге жіберілгені туралы жауап қайтарған. Алайда, ережеде мұндай жауап қарастырылмаған және өтініш беруші өзін іс жүзінде тәрбиелеген адаммен қатынасын растайтын құжаттарды тіркеген.

Ұсынылған құжаттарды қарастыра келе, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қызмет алушының бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қалпына келтіру және бұзушылыққа жол берген қызметкердің жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызмет алушы Н. атты азаматшаның құқығы қалпына келтіріліп, мемлекеттік қызмет толық ауқымда көрсетілді. Сонымен қатар, бұзушылыққа жол берген АХАТ қызметкері «ескерту» түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде Агенттік пен оның жергілікті департаменттері мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдарды қарастыру бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы

Меруерт Сериковна Муканова

Нужно делать больше, чем тебе под силу

Я, Мұқажан Мұхамед Тоққожаұлы родился 26 июля 1994 года...

Заңды өкілінің іс әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот іс өндірісін тоқтатты

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының...

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты белгісі

Елімізде мемлекеттік тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті екенін...

Сотрудники УИС приняли участие в городской ярмарке вакансий

Сотрудники УИС приняли участие в городской ярмарке вакансий, организованной...