Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, елімізде 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2 184 363 тіркелген шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектісі бар. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 503-ке артқан. Ал соңғы үш жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі үлесін, орта есеппен 66,6%-ын жеке кәсіпкерлер құрайды екен. Ендеше еліміздің экономикасын нығайтуда кәсіпкерліктің маңызы қандай? Мемлекет кәсіпкерлерге қалай қолдау көрсетеді? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде «Zada-жаңа дәуірі» қоғамдық бірлестігінің директоры, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығының кәсіпкерлік бойынша бизнестәлімгері Айзада Ерболқызының материалынан оқи аласыздар.

— «Ten Qogam» әлеуметтік осал топтарды қолдау орталығында І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек жандардың кәсіптік бастамаларына қолдау көрсетеміз, бағыт-бағдар береміз. Жеке басым, аптасына екі рет, екі сағат ішінде 10 шақты адамға көмек көрсетіп үлгеремін. Одан бөлек кәсіп бастағысы келетін жандарға жеке бренд қалыптастыруға көмектесемін. Жалпы кәсібін енді бастаған кез келген жас кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау күтеді. Өйткені ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жаңадан ашылған кәсіпорындар бизнес саласында бірнеше жылдық тәжірбиесі бар кәсіпкерлермен бір қатарға тұра алмайды. Енді тәй-тәй басқан жас кәсіпкерге қолдау қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп келе жатыр. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген, жүйелі жолға қойылған арнайы мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. Тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдардың да жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мәселен, 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грант (1 476 800 тг) кәсіппен айналысқысы келетін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын өкілдеріне арналған. Мұндағы осал топ дегеніміз, бірінші көпбалалы отбасы, екінші І, ІІ, ІІІ топқа жататын мүгедек жандар, үшінші үгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, төртінші АСП алушылар, бесінші асыраушыларынан айырылғандар, қоныс аударушылар. Одан кейін аталған азаматтар халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жата тұрып, олар жұмыссыз статусында болуы керек немесе жеке кәсіпкерлігі 3 жылға толмауы керек. Сонда ғана грантқа қатысуға мүмкіндігі болады. Бұл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы ұсынылады. мемлекеттің жұмыспен қамту орталығы қаржыландырады. Сондай-ақ, мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Грант конкурс негізінде жүргізіледі. Қатысушы алдын ала «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, тест тапсырып, «Бастау-Бизнесінің» сертификатын алады. Сол сертификат өтінім берушінің грантқа қатысуға мүмкіндігі бар екені негізінде беріледі. Грант саны әр өңірге арнайы бөлінеді. Сол санға байланысты конкурсқа қатысушылар құжаттарын тапсырады. Айта кететін тұсы, кез келген мемлекеттен берілетін гранттар — тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. Келесі ол 5 миллион теңгенің гранты.  Биыл бүл грнаттың шарттары өзгерді. Биылғы шарттары бойынша ЖК 1 жылдан асуы керек, айналымы болуы қажет және жұмысшы тіркелу керек. Оның 100% жұмысшы деп алатын болсақ, оның 51%-ы қоғамның осал тобынан болуы қажет. Мәселен, 4 жұмысшының үшеуі осал топ немесе 3 жұмысшының екеуі  осал топ өкілінен болуы керек. Оларға бір жыл бойы әлеуметтік аударымдар аударылып отыру қажет. Сонымен қатар қатысушы әлеуметтік кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт. Содан кейін ғана ол грант конкурсына қатыса алады. Ал 2,5% пайыздық несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қатысушыларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырады. Бұл жерде қалаларға арналған 2,5% пайыздық несиеге кепілдік қойылады. Кепілдік қою – пайыздық несиенің басты талаптарының бірі. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техниканы қоюға болады. Несие 5 миллионға дейін беріледі. Бұл жерде қатысушының несие тарихы қаралады. Сондай-ақ, несие 5 жылға, яғни 60 айға беріледі. Ал жеңілдік, несие каникулын алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек болады. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Міне, бүгінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осындай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Жалпы Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы шағын және орта бизнеспен айналысатын субъектілердің жартысына жуығын, яғни 49%-ын әйелдер басқарады және олар жеке кәсіпкерліктің 59%-ын құрайды екен.

Дайындаған Ақбота Ерболқызы

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...