12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік бағдарламадан да жымқырмақ болған

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2020 жылдың 6 айында істеген жұмыстарының қорытындысын жария етті. 

Департаментпен 2020 жылдың 6 айында 95 қылмыс,
— Ауыр санаттағы 55 ;
— Аса ауыр 2;
— Мемлекеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша 47;
— Парақорлық фактілері бойынша 30;
— ШОБ қызметіне заңсыз араласу 5;
— Мемлекеттік бағдарламаларды игеру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 17 қылмыс анықталған.
Сыбайлас жемқорлық үшін 34 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Балық басынан шіриді»  демекші олардың 4-еуі облыстық деңгейдегі бірінші басшылар.
Алты айда сотқа 92 қылмыстық іс жолданған. Мемлекетке 831 941,4 теңге көлемінде залал келтірілген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел ден қоюға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екі бағытты қамтиды – бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру» — дейді аталмыш мекеме басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.
2020 жылдың жарты жылдығында 6 мемлекеттік мекемелерге атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасының,  экология департаменті және облыстық орман шаруашылығы және  жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, облыстық агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының және облыстық Ветеринариялық бақылау инспекциясының қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сыртқы талдау жүргізілген.
Гүлбану МАҚАЖАН,
 Қызылорда облысы

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...