12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Мемлекеттік қызметшінің әдебі деген ұғымның маңызы зор. Өйткені мемлекеттік қызметкердің тәртібі мен өзін-өзі ұстауына, кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым-қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Мемлекеттік қызметші мемлекеттің айнасы. Сондықтан, елімізде мемлекеттік қызмет атқаратын мамандардың, әдеп нормалары қалыптасқан. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметкерлер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек.

Мемлекеттік қызметкердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Олар халықпен жұмыс жасау кезінде, күнделікті өмірде олардың әрекеті арқылы тұтас қоғамға көзқарас қалыптасады. Сондықтан халықпен жұмыс істеу кезінде олар өзін дұрыс ұстай білуі қажет. Жаңа әдеп кодексіне «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» туралы тарау енгізілді. Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебін стандарттауға және кішіпейіл мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебі туралы 6 қағида негізделген. Атап айтсақ, адал ниет, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, бағдарлану тараулары бар. Жалпы жаңа әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталған және мемлекеттік қызметкерлердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді орнықтырудың негізі болып саналады. Уақыт сұранысына сай толықтырып, жаңартылған заңнамамыз еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысына әрі қорған, әрі бағыт-бағдар болары сөзсіз.

Сондықтан уақыт сұранысына сай жаңартылған жаңа әдеп кодексі халық пен мемлекеттік қызметшілердің арасын жақындатып, жаңа қоғам орнауына ықпал етеді деп ойлаймыз. Мемлекеттік қызметшінің әдебі парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып, ізгі қоғам құру жолына ықпал етеді деп сенеміз!

Серікбаев Нұрболат Ибрагимұлы
Алматы облысы Қонаев қаласының Мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...