12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген сұрақтар жиі қолданылып жүр. Бұл сұраққа әр кім әрқалай жауап беріп әлек болуда. Адам — тіршілік иесі, заман – уақыт. Уақыт өткен сайын, бүгінгі заманның талабы ма, әлде басқа ма, әйтеуір адамдар тіпті ашушаң боп барады. Мәдениет, әдеп деген екінші орынға өткен секілді. Жәрайды, қарапайым адамдар арасында мұндай жағдайлар болады, оған көп мән бере бермейміз. Ал мемлекеттік қызметкерлерде бұл мәселе әрқашан бірінші орында тұрады. Себебі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Олар, яғни мемлекеттік қызметшілер

Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға,
адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Қызметтен тыс кездерінде де жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермейді. Олар, өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға тиісті екенін жете түсінеді.
Қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде басқалардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдалануға болмайтынын басты назарда ұстайды. Құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға ешкімді мәжбүрлей алмайды. Оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермейді. Бұл кодекс. Бұл кодекстің талаптарын сақтау – әр мемлекеттік қызметшінің қызметтік борышы.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі — адал ниеттілікке, адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа, сыпайылыққа, яғни шынайы көзқараспен, шыншыл шешім қабылдап, әуре-сарсаң салуға жол бермеу қағидаттарына негізділген деп түсінеміз. Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы қажеттігін әрдайым есте ұстауы қажет.
Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер, дүкендер мен базарларда сауда-саттықпен айналысып жүрген азаматтардың көбі жоғары білім иелері емес. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп өз құқықтарына, мәдениет, әдеп жағына көптеп көңіл бөле бермейтіні рас. Десек те олар мемлекеттік мекемелерге жиі барып тұрады. Ал мемлекет қызметшілері оларға үлгі бола білуі шарт. Мемлекеттік қызметшілердің жүріп-тұруы, сыпайы сөйлеуі, тіпті киім киуі де сырттан келген қарапайым халықтың көңілінен шығуы қажет. Оларға қарап бой түзесе нұр үстіне нұр болары хақ. Қалалық жолаушылар тасымалдау автобустарында айғай-шу көбейіп кеткенін әлеуметтік желілерден күнде көріп отырмыз. Жастар қарияларға дөрекі сөйлеп, жұдырық ала жүгіретіндерін байқап жүрміз. Ерікті түрде қаламызда әдеп курстары ашылса деген ұсыныстарды естиміз.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қоғамдық бақылау күшейіп отырғанын айта кетсек артық болмас. Бүгінде түрлі әлеуметтік желілер қарапайым халық өз пікірін ашық айта алатын бірден-бір құрал болып тұр. Демек, әлеуметтік желілер арқылы қоғамның өзекті мәселелерін, мемлекеттік қызметшінің тарапынан қандай ерсі қылықтар орын алып жатқанын алақандағыдай көріп отыруға болады. Өз кезегінде, әрбір мемлекеттік мекемелер, басқармалар әлеуметтік желілерде ресми парақшалар ашып, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап берілуіне ықпал жасап отыр. Бұл, әрине құптарлық іс деп ойлаймыз.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Жалаева Нұргүл Нұрланқызы

Негізсіз баюға жол берілмейді

ҚР Азаматтық кодексiнің 1119-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, негізсіз баю ұғымы...

Сот актілерін орындау тәртібі және маңызы

Қазақстан Республикасында әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің...

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға...