12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ретінде мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын мемлекеттік қызметшілердің сақтауын бақылау функциялары жүктелген.

Департаментке Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұсынысы келіп түсті. Онда Алматы қаласының аумақтық органдарының бірінің басшылығы тарапынан 2024-2025 жылдары қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша жауапкершілігін қарау сұралған. Атап айтқанда, қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін тапсырмаларды беру фактілері орын алған.

Осыған байланысты, аталған мемлекеттік орган қызметкерлерінің жартысына жуығы өз басшылығына ұжымдық шағым түсірген.

Ұсынылған материалдар негізінде Департамент аталған мемлекеттік орган басшылығының әрекеттеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізді.

Қызметтік тергеп-тексеру барысында мемлекеттік орган басшысының ауызша тапсырмасын орындау мақсатында қызметкер жұмыс уақытында базарға барып, бірқатар заттарды сатып алғаны анықталды.

Сондай-ақ, басшылық тарапынан қызметкерлерге тікелей лауазымдық міндеттеріне кірмейтін тапсырмалар берілгені белгілі болды.

Жоғарыда айтылғандардан мемлекеттік орган басшысы жұмыс уақытында өз бағыныштысына қызметтік міндеттеріне кірмейтін тапсырмалар бергені анықталады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 2-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруге тыйым салынады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» (бұдан әрі – Әдеп кодексі) 6-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өз қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа мемлекеттік қызметшілерге және өзге де адамдарға ықпал етуге жол берілмейді.

Жоғарыда баяндалған жағдайлар мен анықталған нақты деректер мемлекеттік қызметтің мәніне және қызметтік міндеттердің орындалуына қатысы жоқ тапсырмалардың берілуі мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің өрескел бұзылуы болып табылады.

Заңның 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметші өзінің ар-намысына құрметпен қарауға, басшылар, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан әділ және құрметті қатынасқа құқылы.

Әдеп кодексінің 8-тармағының 1) және 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтік қарым-қатынаста әріптестерімен іскерлік және сыпайы өзара қарым-қатынасты орнатуға және нығайтуға, сондай-ақ қызметтік ортада кемсітушілік пен ар-намысты қорлаудың кез келген түрлерін болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауға тиіс.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдары Алматы қаласы Әдеп кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Оның қорытындысы бойынша Кеңес шешімімен орталық мемлекеттік органның жоғары тұрған лауазымды тұлғасына мемлекеттік орган басшысын «мемлекеттік лауазымнан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды, ал оның орынбасарын «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының бұзылуы анықталған жағдайда, олардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне шағым түсіруге болатынын хабарлаймыз.

Авторы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ш. Турдуев

Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің...

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Проведено очередное заседание Совета по этике города Алматы

11 августа 2025 года состоялось очередное заседание Совета по...

Защита и восстановление нарушенных прав

Восстановление прав услугополучателей является одним их приоритетных направлений Департамента...

Сандық персоналды басқару – жұмысқа қабылдау кезіндегі ашықтық

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шеңберінде енгізілетін Қазақстандағымемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың бірыңғай кадр жүйесі кадрпроцестерін автоматтандыруға және стандарттауға, персоналды басқарудыңашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол қызметкерлердің міндеттердіорындауын, тәртіпті сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе персоналға қажеттілікті жоспарлау, қызметкерлердің құзыреттілігінбасқару және аттестаттау, кадрларды есепке алу және кадрлар құрамын талдау,еңбек қатынастары және кадрлық іс жүргізу сияқты процестерді автоматтандыруғамүмкіндік береді. Сондай-ақ, бірыңғай жүйе еңбек шарттары, біліктілік, еңбек өтілі және басқада кадрлық ақпаратты қоса алғанда, қызметкерлер туралы деректердіорталықтандырылған сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етеді. Жүйеде білім беру, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлігінде басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция көзделген. Жүйенің тағы да тиімді жағы - бұл жүйе персоналды басқарудың тиімділігінарттыруға, кадрлық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді, ең бастысы -кадрларды басқару шығындарын азайту. Қазіргі уақытта оны барлық ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік органдардың ұйымдарында енгізу жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңдаАлматыда жүйеге 82 ведомстволық бағынысты ұйымы қосылған. Кадр қызметінің мамандары үшін жаңа жүйеде жұмыс істеу бойынша қажеттіоқыту іс-шаралары өткізіледі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментібасшысының м.а. Н....