12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметке жаңа серпін: Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу түсіндірілді

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасында қызметкерлер арасында маңызды түсіндіру іс-шарасы өтті. 

Іс-шара барысында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу ережелері, сондай-ақ Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н.Узбеханов, мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Кульбаева және Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Ахметов қатысты.

Кездесуде спикерлер Президенттік жастар кадр резервінің мәні мен маңызын, оның Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынғанын атап өтті. Бұл жоба – дарынды, бастамашыл және заманауи ойлай алатын жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған.

Жиын барысында бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен үш іріктеу туралы мәліметтер келтірілді. Осы жылдары 60 мыңнан астам азамат қызығушылық танытса, олардың 400-і резервке алынған. Қазіргі таңда резервке енген 318 адам, яғни 80 пайызы, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда қызмет атқарып жүр.

Биыл Агенттік Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеуді өткізуді жоспарлап отыр. Жаңа іріктеудің басты ерекшелігі – әрбір салалық бағыт бойынша кандидаттарды пропорционалды түрде іріктеу. Яғни, белгілі бір салаға тиесілі квоталар белгіленіп, іріктеу сол бағыт шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады:

  • үміткердің жасы 35-тен аспауы,
  • жоғары білімі болуы,
  • кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы,
  • қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі шарт.

Айта кету керек, іріктеуге Президент тағайындаған тұлғалар, саяси мемлекеттік қызметшілер, «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және бұрын резервке өткен азаматтар қатыса алмайды.

Іріктеу алты кезеңнен тұрады және маусым мен қазан айлары аралығында өткізіледі. 

Қатысушыларға әр кезеңнің мазмұны мен өту тәртібі нақты түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қалыптастырылған Ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне алу туралы шешім шығаратыны. Сонымен қатар, Ұлттық комиссияның отырысында қарау сатысында іріктеуге қатысқан, бірақ Президенттік жастар кадр резервіне енгізілмеген кандидаттар, іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататыны айтылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығы негізінде 2024 жылы өткізілген өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің қорытындысы бойынша Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне 30 адам қабылданды және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссиясының  шешіміне сәйкес өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізімінен Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне қосымша 6 адам қабылданды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар ел игілігіне адал қызмет етемін деген жас мамандарды белсенді түрде қатысуға шақырды. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

агенттігінің Алматы қаласы бойынша

департаменті мемлекеттік қызмет

басқарманың бас маманы Ж.Кульбаева

56 бас жылқыны күтіп-ұстау: Меркі ауданы әкімдігі шығынды неге өтемейді?

2023 жылғы 1 қыркүйектегі цессия шартына сәйкес, «Луговой жылқы...

Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін  5 тәулікке қамауға алынды  

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Кассациялық сот құру уақыт талабы

Сот жүйесіндегі биылғы жылдың басты жаңалығы кассациялық соттардың құрылуы...

За совершение административного правонарушения понес наказание законный представитель несовершеннолетнего

  Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік...