Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды тетіктерінің бірі десек, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты оңтайлы орнатып, мемлекеттік саясаттың өміршеңдігін дәлелдеу, билікке деген сенімділік – мемлекеттік қызметшіден басталады.

Әрбір мемлекеттің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі зор. Өйткені еліміздегі саяси — экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі бізге байланысты. Бір сөзбен айтқанда, біз билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуымыз тиіс.
Бүгінде мемлекеттік қызмет саласындағы мамандардың білім-біліктілігімен қатар, адами қасиеттеріне талап қойылатыны анық. Адами қасиеттері жоғары болған мемлекеттік қызметкерлер еліміздің дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Жалпы мемлекеттік қызметшілер қарапайым халықпен етене жұмыс істейтін, халыққа ең жақын адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер халықтың мұң-мұқтажын, әлеуметтік жағдайын жетік білетін, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешу бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыра білу қажет. Ол кез келген орында, лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі маңызды. Бұл үшін білім мен кәсіби тәжірибе, қызметке деген адалдығы мен жауапкершілігі, Отанға деген ұлтжандылық рухы биік болғаны абзал.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Адам қашан да өз болмысын жоғалтып алмауы керек. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлер көптің алдында, халықтың назарында жүретіндіктен өздерінің сырт келбетіне ғана емес, рухани дүниесінің тазалығына да зер салғаны жөн. Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратын ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс.

Қорытындылай келе, еліміздің дамуы жолында мемлекеттік қызметкер ретінде  адал және  әділ болып, мемлекеттік қызметте абыройлы болып жүрейік!

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Б.Ердәулет

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...