Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын жан-жүрегімен сезініп, өз елінің патриоты болып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.
Сот саласында өнеге көрсететін, үлгі болатын мамандар бар. Соның ішінде Орал қаласының №2 сотының бас маманы Гүлжайна Жасқайратқызы Беккалиеваның орны ерекше.
«Мемлекеттік қызмет-менің таңдауым»- деп үнемі айтып жүретін Гүлжайна Жасқайратқызы еңбек жолын 1993 жылы еңбек жолын басқа саладан бастап, 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. Мемлекеттік қызмет саласында 20 жыл еңбек өтілімі бар.
Сот саласында еңбек етіп жаңа тағайындалған мамандарға тәлімгер болып, өзінің тәжірибесін беріп, олардың кәсіптік дамуына, қызметтік өсуіне ықпал етіп, жаңа қызметкерлерге ұйымда бейімделуіне көмектеседі.
Тәлімгер, бір жағынан мекемеге қатысты қызметкерлердің қызығушылықтарын танытады, екінші жағынан қызметкерлер үшін мекеме өкілі болып табылады. Гүлжайна Жасқайратқызы әрдайым ізденіс үстінде жүрген маман қоғамдық жұмыстарғада белсене араласады.
Атқарған жұмыстары еленіп, еңбегі бағаланып, бірқатар алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын да алды: 2012-2014 жылдар аралығында Орал қаласының №2 сотының төрағасының мақтау қағаздарымен, 2016 жылы ҚР-ның 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні мерекесі қарсаңында лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыста елеулі жетістерге жеткені үшін Батыс Қазақстан облысы соттар әкімшісінің басшысы табыстаған «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласы әкімінің Алғыс хатын алған. Соған қоса, 2020 жылы сынақтан өтушілердің кәсіби қалыптасуы мен тәрбиесіне елеулі үлес қосқаны үшін Батыс Қазақстан облыстық соттар әкімшісі басшысының «Құрмет» грамотасына ие болды. 2024 жыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы атынынан 24 маусым –Судья және сот қызметкері күніне орай және судья қауымдастығындағы белсенді қоғамдық қызметі үшін алғыс хатпен марапаталды.
Мемлекеттік қызметкерлердің ең бірінші қасиеті- жауапкершілік жүгін терең сезіне білуі. Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар Гүлжайна Жасқайратқызының бойынан табылады, өз жұмысына жауапкершілікпен, адал қарайды және әріптестеріне үлгі болып жүрген қызметкерлердің бірі екенін мақтан тұтып айтамын.
Орал қаласының №2 соты әкімшісінің басшысы Г.А.Амантаева