Мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жасаған келіншек анықталды

Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірді. Тұрғынның айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, босануға байланысты мемлекеттен берілетін жәрдемақыны еселеп алып беретінін ұсынған. Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде ұстаған келіншек қызметі үшін 450 мың теңгені санап алған. Бар ақшасын санап берген жәбірленуші уәденің орындалуын 6 ай күткен. Ақыры алданғанын түсініп, ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияға арызданған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жәбірленушіге мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын, яғни жас келіншек болып шықты.
Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 2 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге жуық.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және әртүрлі жәрдемақы алуға немесе жұмысқа орналасуға күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...