Мемлекетке 135 миллиард теңге шығын келтірген ҰҚТ-ға сот үкімі шықты

ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты соталды тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 миллиард теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып, контрагенттер-сатып алушылардың бюджетке төленбеген салықтар түрінде мемлекетке 39 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.

Сондай-ақ, тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банктік шоттарына түскен қаражаттары шетел компанияларымен жалған шарттар жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылғаны, онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 миллион АҚШ долларын құрағандығы анықталды.

«Сот үкімімен бес айыпталушының барлығы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 миллион теңгеден аса қаржы мемлекетке қайтарылды», — делінген хабарламада.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...