Мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері қадағалаушы орган жалпы ауданы 146 мың гектардан асатын 75 жер учаскесін анықтады, олар мақсатына сай пайдаланылмаған.

Ақжар, Есіл, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында жер пайдаланушылар Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланбаған.

Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі Жер кодексінің талаптарына қарамастан, үш жыл бойы коммерциялық мақсатта бөлінген 123 гектар жер учаскесін пайдаланбаға.

«Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектарды құрайтын, кадастрлық құны 29,8 миллиард теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», — делінген хабарламада.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.