Мемлекет басшысы PSA компаниялар тобының бас басқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың PSA компаниялар тобының бас басқарушы директоры Тан Чон Мэнмен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл компания жобалау, құрылыс, құрлық пен теңіз порттарын басқару, сондай-ақ көлік-логистикалық, сауда және кеден үдерістерін цифрландыру жұмыстарымен айналысады. PSA желісінің 26 елде 50-ден астам филиалы бар.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық әлеуетіне назар аударып, Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлық транзиттік тасымалдың 83 пайызы біздің еліміз арқылы өтетінін атап өтті. Оның айтуынша, PSA компаниясының порттарды басқару, логистика және цифрландыру бағытындағы тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызады.

Тан Чон Мэн кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстан аумағындағы әртүрлі көлік-логистикалық жобаларға инвестиция салуға зор қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар сингапурлық бизнесмен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, логистикалық қызмет көрсету және цифрлық көлік дәлізін дамыту, сондай-ақ сингапурлық тәжірибеге негізделген кедендік рәсімдерді трансформациялау үшін өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Компанияның жоспарымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев PSA компаниясымен арадағы ынтымақтастықтың дамуын бақылауға алатынын және өзара тиімді нәтиже күтетінін айтты.

Кездесу барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы Нұрлан Сауранбаев PSA компаниясымен бірлескен жұмыстардың перспективасына қатысты өз ойларымен бөлісті.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...