12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Сондай-ақ, отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады.

– Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген жарқын жеңіске толы. Оған күш-қуат, рух, табандылық, ішкі тәртіп секілді қасиеттеріңіз арқылы жеттіңіз. Бұл елімізде ғана емес, шет мемлекеттердегі миллиондаған жастың жігерін жаниды. Есіміңіз әлемдік бокс тарихына алтын әріппен жазылғанына еш күмән жоқ, – деді Президент.

Мемлекет басшысы танымал спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді.

– Сіздің басқару саласындағы жетістіктеріңізді айрықша атап өткім келеді. Спорттағы еңбегіңізді ескере отырып, Сізді Ұлттық олимпиада комитеті президенттігіне үміткер ретінде ұсындым. Ұлттық спорт федерацияларының барлығымен байланыс орнатып, аз уақытта көп іс тындырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Халықаралық Олимпиада комитетімен ынтымақтастықты жолға қойдыңыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге World Boxing халықаралық федерациясының президенті ретінде көптеген мәселенің шешімін табуы қажет екенін айтты.

– Бүгінде спорттық мансабыңыздағы жаңа кезеңге аяқ бастыңыз. World Boxing федерациясының президенті болып сайландыңыз. Жұмыс енді ғана басталды. Алдыңызда атқаратын қыруар шаруа тұр. Сондай-ақ Сіздің жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екеніңізді айта кету керек. Кәсіби біліктілігіңіз ұйымды жаңа белеске көтеріп, бокс көкжиегін кеңейтетініне сенімдімін, – деді Президент.

Геннадий Головкин еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ боксты одан әрі дамытуға, осы спорт түрінің еліміздегі және халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстанда несиелер кешіріліп жатқаны рас па?

Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын...

Президент Цифрлық кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды, -...

Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл...

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан...

Қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілгені рас па?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол...