Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, осы тарихи іс-шараны ұйымдастырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс айтты.

«Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Шын мәнінде, бұл — сөз күйінде қалатын қарар қабылдайтын конференция емес, керісінше нақты әрі мақсатты шаралар арқылы ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға үлес қосатын жиын. Президент мырза, сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым деп санайды.

«Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл — бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» атты жаңашыл тұжырымдаманы немесе жобаны іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.