Мемлекет басшысы әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген мектеп мұғалімін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейдің химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

«Бұл жоғары баға – сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2026 жылғы Қазақстанның ең табысты мамандықтары: Кімге көп жалақы төленеді? 

2026 жылдың наурыз айындағы Enbek.kz деректері еңбек нарығындағы қызықты тенденцияны көрсетті. Жұмыс берушілердің ұсынысы мен жұмыс іздеушілердің амбициясы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Бүгінгі таңда жоғары жалақы тек мұнай секторымен шектелмейді, ол басқарушылық және жоғары технологиялық салаларға қарай ойысқан.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге жетті 

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1577-ге жетті.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.