Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина келіссөзіндегі Қазақстанның ұстанымын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина келіссөзіндегі Қазақстанның ұстанымын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz Владимир Зеленскийдің мәлімдемесінен кейін «Қазақстан Астанада Украина мен Ресей президенттерінің кездесуін ұйымдастыруға дайын ба және мұндай келіссөздер жүргізіліп жатыр ма?» деген сұрақ қойды.

«Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста делдал емес және өзін олай санамайды. Менің ойымша, екі тарап та барлық даулы мәселе бойынша түрлі деңгейде диалог жүргізе алады. «Украина дағдарысын» аса күрделі деп санап, оны жеңілдетуге болмайтынын жария түрде айтып келемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, әскери іс-қимылдар жалғасқан сайын көптеген мәселе қабаттасып барады: аумақтық, тарихи, ұлттық, тілдік және, әрине, саяси мәселе.

«Аумақтық мәселе — қазір ең басты әрі ең қиын мәселе, бірақ оны келіссөздер үстелінде шешу әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені тарихи тақырыптарға қатысты қатар жүретін талқылаулар бар (Киев Русі, «аумақтық сыйлықтар», украин мемлекеттілігі және басқалары). Мұнда пікірдің ауқымы кең. Дегенмен келіссөздерді жалғастыру қажет, бұл туралы БҰҰ-дағы сөзімде де айттым», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресей мен Украина президенттері Қазақстанға келгісі келсе, келіссөздерді сәтті өткізу үшін барлық қажет қызметті ұсынамыз», — деді.

Еске салайық, бұған дейін Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты. 

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.