12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.

Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.

Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.

Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке қонсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!»

Өркен Кенжебек: «Бизнес жанданып келеді»

Кешегі фотожұмбақтың жауабы - Ақтаудағы Caspi Bitum зауыты еді....

Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті

Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті.

Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Қазақстан футболындағы легионерлерге тыйым мәселесі қарастырылуда

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның Бірінші лигасында легионерлерге қойылған тыйым алынып тасталуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады.

Бас прокуратура Бишімбаевқа рақымшылық мәселесіне қатысты жауап берді

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілігу-ілікпеуі жөніндегі сұраққа Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев жауап берді.