Өркен Кенжебек: «Бизнес жанданып келеді»

Кешегі фотожұмбақтың жауабы — Ақтаудағы Caspi Bitum зауыты еді. Биыл модернизациядан өтіп, жылына 750 мың тонна битум өндіретіндей қауқарға ие. Осы жерде қанша күңкілдесек те, макроэкономикамызда елемей кетуге болмайтындай ақжолтай хабарлар боп жатыр. Соның бірі — жыл басынан бері ЖІӨ 6 пайызға көтерілген. Мұны жай бір сан һәм пайыз деп қарауға келмейді. Өйткені оның ар жағында қаладағы шынайы өзгеріс, жақсарған инфрақұрылым, салынған инвестиция жатыр.

Енді басты-басты көрсеткіштерге тоқталсақ:

Өнеркәсіп саласы 6,4 пайызға ұлғайған. Көш басында Жамбыл облысы (+22,9%) мен Шымкент (+18,9%) тұр. Зауыттардың жұмысы жүріп жатыр, өндіріс көлемі артқан, цемент, қант өндірісінің қарқыны тіпті мықты. Мұның бәрі дамып жатқанымыздың көрсеткіші емес пе?

Құрылыс саласындағы өсу көрсеткіші 15,4 пайыз болыпты. Бірден бірнеше аймақта қатарынан мектептер, ауруханалар, жолдар құрылысы жүріп жатыр. Салыстырып қарасақ, Қызылордада атқарылған жұмыс көлемі 65 пайызға өсіпті. Ал Астанада — 51,8 пайыз!

Тұрғын-үй құрылысы саласында да сүйіншілейтін көрсеткіштер бар. Жыл басталғалы 6 млн шаршы метрден астам үйде қоныстой тойланған һәм осынша тұрғын-үй пайдалануға берілген. Әсіресе, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент үй салуға белсене кірісіпті.

Көлік саласындағы даму тіпті керемет. Көрсеткіш — 23,1 пайыз! Бұл дегеніміз жүк тасымалы, логистика жақсарып келе жатқанын білдіреді. Соның ішінде Жетісу, Абай облыстарының қарқыны қатты екені байқалған.

Негізгі капиталға құйылған инвестиция 18,2 пайызға өскен. Қаражат түгелдей шынайы секторларға кетіп жатыр. Яғни теміржолдан бастап өнеркәсіп кешендеріне дейін осы капиталдың арқасында аяққа тұрып жатыр. Инвестиция салудан көш басында Жетісу облысы тұр — 62,7 пайыз!

Сауда саласындағы өсім — 7,8 пайыз. Байланыс пен интернет — +2,8%, ауыл шаруашылығы – +4%. Бұл саланың бәрі маңызды. Өйткені жұмыс орындарын ашу үшін де, тұрақтылық пен ертеңгі күнге нық сенімді болу үшін де осы секторлардың орны ерек.

Қорытындылай келе айтарымыз: бизнес жанданып келеді, мемлекеттік бағдарламалар жемісін беріп жатыр, аймақтарда жаңа тыныс пайда болып жатыр. Осылай жалғасса, өмір сүруге нағыз қолайлы орта қалыптасады. Бізге керегі де сол емес пе?! Сондықтан мұндай статистика көрсек, іш пыстыратын сан деп емес, өзгеріс деп қабылдаған жөн.

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстан не ұтады? 

Мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру ұзаққа созылып, әлемдік нарықта баға барреліне 80–90 доллар деңгейінде сақталуы мүмкін.

Конгода Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 50%-ға жуықтады 

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Олардың 4 887-сі қайтыс болған.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?