12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» қозғалысының төрағасы: «СОРБҰЛАҚТАН КЕЛЕР ҚАУІП СЕЙІЛГЕН ЖОҚ»

– Табиғат қорғау саласында елімізде құқықтық заңнама толық қалыптасып болды ма?
– Әрине. Табиғат қорғаудағы заңнамада Конституциядан кейінгі орында «Экологиялық кодекс» тұр. Оған қосымша басқа да заңдар бар. Олар өзара қайшы келмей, бәрі бірбірімен сәйкес болуы керек. Өкінішке орай бізде осы уақытқа дейін сөз көп болды да, іс болған жоқ. Билік экологияға мүлде көңіл аудармады.дың ішінде ғана 4 пайыз жеріміз шөлге айналды. Бұл біздің қазіргі бүкіл орман-тоғайларымыздың көлеміндей жер. Өкінішке орай соңғы жылдары өзін табиғат жанашыры ретінде көрсеткісі келетін «табиғат қорғаушылары» көбейгенімен, қордаланған мәселелерді қалай шешуге болатынын ешқайсысы айта алмай отыр.
– Сіздің ойыңызша экологиялық мәселелерді шешудің ең тиімді жолы қандай?
– Мен осы уақытқа дейін түрлі деңгейдегі билік органдарына ұсыныстарымды бердім. Алайда олардың ешқайсысы қолдау тапқан жоқ. Менің ойымша, мәселенің дәл осындай күрделі жағдайда қалуына ең алдымен елдегі азаматтық белсенділіктің төмендігі өз ықпалын тигізіп отыр. Халықтың көбінің партия не үшін керек екеніне қатысты түсінігі жоқ. Бізде кеңестік кезеңнен қалған экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтегі және тағы басқа да салалардағы монополия дамуымызға кедергі келтіріп отыр. Ол бәрін құртады. Саясаттағы монополия бәрінен жаман. Сондықтан да, «Нұр Отанмен» бәсекелесе алатын әлі күнге дейін бірде-бір салмақты партия жоқ. Мәселен, экологиялық партия құруды біз Нұрболат Масановпен бірге 1993 жылы бастағанбыз. Бірақ халықты соңымыздан ерте алмадық. Әлі де әркім өзінің қарақан басының қамымен ғана жүр.
– 2007 жыл «Экологиялық кодекс» қабылданған соң 1997 жылғы «Экологиялық сараптама туралы» заң өз күшін жойды. Бүгінгі таңда табиғатқа қатысы бар жобаларды жоспарлап, жүзеге асыру барысында экологиялық сараптама қалай жүзеге асырылуда?
– Мәселе заңда емес. Кез келген заңды әсемдеп жазуға болады. Бірақ оны жүзеге асыру керек. Сонда ғана қозғалыс болады. Бізде ондай нәрсе жоқ. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бәрі Кеңес Одағы кезіндегі өндіріс орындары. Бірақ қазіргі қожайындары оны жаңартуға ақша құйған жоқ. Сондықтан көбі қирауға шақ тұр. Ал ауаға таралатын қалдықтарды азайту, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуде біз алға жылжудың орнына көп кері кетіп қалдық.
– Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың басында жүрмін деп отырсыз. Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз, неге қол жеткізе алмағаныңызды түйіндеп айтып бере аласыз ба?
– Экологиялық ахуалды түзеуге қатысты билік органдарына көп ұсыныстар жасадым деп жоғарыда айттым ғой. Президентке де сан мәрте хат жаздым, ол кісі тапсырма береді, бірақ орындалмайды. 2011 жылғы Президент сайлауы кезінде Елбасының жеке қабылдауында да болдым. Мәселен, Алматының қалдық суы жиналатын Сорбұлақтың жағдайы қазір бұрынғыдан да жаман. Ондағы бөгет
бұзылса Іле ауданының екі ауылындағы 30 мыңдай адамға және Балқаш ауданының халқына үлкен қауіп төнеді. Соны тағы жаздым. Түсінген сияқты. Тапсырма беріп жатыр. Бірақ соған жауапты билік органдарының басшылары әлі өздеріне жолатпай тұр. Мәселені алғаш қозғаған кезде оның жағдайы қазіргіден дұрыстау еді. Қазір бұл су жердің астына сіңіп, ол басқа бір жерлерден шығып жатыр. Сорбұлақ көлі орналасқан жер сейсмикалық жағынан 9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аймақ саналады. Егер оның бөгеті бір жерден шытынап кетсе жиналған 1 млрд текше метр қалдық суды ешкім ұстай алмайды. Сорбұлақтың ені 8 км, ұзындығы 15 км, тереңдігі 29 метр. Жер астымен су қазір Күртіге дейін жетті. Онда түрлі көлшіктер пайда болып жатқанын ғарыштық фототүсірілімдер көрсетіп отыр. Бұрын олар жоқ болған.
– Президент, Парламент депутаттығына да сан мәрте кандидат болып бағыңызды сынап көрдіңіз…
– Иә, 9 рет сайлауда кандидат болдым. Билік органдары тарапынан оппозицияның адамы болса деген ұсыныс жасалды, мен келістім. Алайда артында тіреп тұрған партиясы жоқ жалғыз адамды кім билікке жібереді. Әкімшілік ресурс деген өте мықты дүние. Жеңіске жетуге үміттенбесем де, идеямды, ой-пікірімді халыққа жеткізу үшін қатыстым.
– Ой-пікірім демекші, оларды нақтылап айта кетсеңіз?
– Бізде атқарушы билікте де, заң шығарушы билікте де сөз көп. Бірақ нақты ұсыныс пен шешім жоқ. 2011 жылы сайлаудың алдында су мәселесімен альпинистерді жинап, Хан тәңірі шыңына шыққам. Онда 20-30 метрлік қалыңдықтағы мұздық мүлде жоқ деп айтуға болады. Ал онсыз жазда таудан ағатын өзендерде су азаймаса, көп болмайды. Сол сияқты, жоғарыда атаған Сорбұлақтың мәселесін шешетін ұсыныс та, патент де бар менде. Әлі күнге дейін одан жақсы ұсынысты ешкім айта алған жоқ. Менің жобамда суды тазалайтын қамыс пен балдырларды қолдан өсіру жайы қарастырылған. Одан кейін көлдің жағалауына ағаш егуге қатысты. Сорбұлақтан Күртіге дейінгі 15-20 шақырым жер сусыма құм. Жер сілкінсе ол да сырғиды. Экологиялық білім беруде жай сөзбен ештеңе шешілмейді. Іспен ғана үйретуге болады. Менің ұсынысым – Сорбұлақ көлінің жағасына көп ағаш егу. Көшетпен қамтамасыз етуге тәлімбақтардың шамасы келмейді. Оның үстіне олардың бағасы да қымбат. Сондықтан әрбір мектеп оқушылары ағаштың көшетін дәннен бастап өсіру керек. Ол нағыз тәрбие болар еді. Оны еңбектеніп өсірген бала ешқашан табиғатқа зиян келтірмейді. Екінші жоба тұрмыстық және қатты қалдықтар мәселесі. Одан екі патент бар бізде. Ал қазіргі билік органдары оны өңдеуге бас қатырып отырған жоқ. Қазір енді Қазақстан бойынша оларды өртейтін 6 зауыт саламыз деп жатыр. Біріншіден бұл жобаның құны өте қымбат, екіншіден одан табиғатқа да, елге де еш пайда жоқ. Қазір оған қажетті заңды дайындап та қойған. Мен қалдықтарды өртеуге болмайтынын бұған дейін сан мәрте айттым. Естеріңізде болса Алматыда екі рет қалдық өңдейтін зауыт салды. Мен И.Тасмағамбетов қала әкімі боп тұрған кезде одан түк шықпайды, бұл жарамайды деп айттым. Өйткені жобада қалдықтың тек 8 пайызын ғана пайдалануға болады екен. Қалғанының бәрі қайта қалдыққа төгіледі. Ал оны толық өңдеу үшін бүкіл жүйені қайта жасау керек.
– Қалдық мәселесінде көршілес елдер ішінде оны шешкендер бар ма?
– Ешкім шешкен жоқ. Бұрын Еуропада көбіне өртейтін. Қазір одан бәрі бас тартып жатыр. Ал біз оны өртейтін зауытты саламыз деп жатырмыз. Шындап келгенде мұның бәрі жемқорлықтың кесірі. Қалдықтың ішінде 40-тан астам шикізат бар. Оны 96 пайызға дейін өңдеуге болатын жоба жасағанбыз. Егер реттейтін жүйе жасалса бұл жоба өзін ақтайды. Бізде қазір қалдықтардан тек бөтелке мен кардон қағазды ғана жинайды. Бізге сондай-ақ, туризмді дамыту керек. Егер оған күш салсақ Орталық Азияны біріктірер едік. Мысалы, Алматыдан Ыстық көлге дейін аспалы жол салуға болады. Мұнда Қазақстан мен Қырғызстанда ғана өсетін Тянь-Шань шыршасының үлкен қоры бар. Дүниежүзінде көп елде болдым. Ондай жер ешкімде жоқ. Мұнда алманың, өріктің және көптеген жеміс-жидектің де үлкен қоры сақталған. Егер аспалы жол салынса, онда екі үлкен тау шаңғысы курортын ашуға болады. Оған шетелден халық көп келеді. Қыста шаңғы теуіп, одан кейін Ыстық көлге демалуға мүмкіншілік болады. Шетелдіктер көбіне бізге тек Қазақстан емес, бүкіл Орталық Азия қызық дейді. Егер туристік жобалар жасалса біз оған қақпа ашқан боламыз.
– Саммит деп қалдыңыз, БҰҰ-ның 2007 жылы қабылданған 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары елімізде қалай орындалып жатыр?
– Біз әлі ештеңе істеген жоқпыз. Сөзбен ғана емес, оны істеу үшін жұмысты қолға алу керек. Маған Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы ұнады. Бұрын да экология мәселесі Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында көп айтылған болатын. Бірақ бұл жолы сенім бар. Көкжайлауға қатысты жобаны жүзеге асыруды тоқтатқаны дұрыс болды. Жалпы елді дамытуға бағытталған кез келген іс-шараны өз деңгейінде жүзеге асыру үшін бірінші Үкіметте ынта болу керек. Екінші, оған түрткі болып отыратын халықтың азаматтық белсенділігі жоғары болу керек. Оның қазір бізде ешқайсысы жоқ. Бұдан бөлек халқы миллионнан асатын қалаларды қолдан көбейтпей, шағын қалаларды, ауылды дамытуға көңіл бөлу қажет. Мәселен, Алматы қаласы қазір шектен тыс үлкейіп барады. Үйлер мен түрлі нысандар көп салынғандықтан ауаны тазалайтын ағаштардың саны да азаюда. Ал Алматы негізінде 700 мың адамға арналған қала. Қазір ондағы тұрғындар саны 3 млн-ға жетті. Бұл үлкен қателік деп айтар едім. 12 балдық сейсмикалық жер сілкінісі қаупі жоғары жерде қаланы шектен тыс үлкейту ақылға сыймайтын іс. Бетін аулақ қылсын, табиғи апат бола қалса қаланың әп-сәтте бауырластар қорымына айналуы қиын емес.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ
«Заң газеті»

ОСОБЕННОСТИ НАЗНАЧЕНИЯ НАКАЗАНИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ

ЮВЕНАЛЬНОЕ ПРАВОСУДИЕ ЯВЛЯЕТСЯ САМОЙ, ПОЖАЛУЙ, ЧУВСТВИТЕЛЬНОЙ СФЕРОЙ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ,...

КТО ЗАЩИЩАЕТ МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС В КАЗАХСТАНЕ?

Сфера государственных закупок в Казахстане давно стала ассоциироваться с...