12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мектептерде жасанды интеллектіге қатысты жаңа пән пайда болады

Мектептерде жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастаған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024-2025 оқу жылынан бастап мектептерде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары енгізіле бастаған. Министрлік мәліметінше, ЖИ оқу процесінің барлық деңгейінде қосымша білім беру құралы ретінде пайдаланылады.

«200 мыңға жуық педагог дайындалды. Олар бүгінде дәріс беріп жүр. Жасанды интеллект — оқудың сапасына, оның жан-жақты игерілуіне көмектесетін құрал. Педагогтің негізгі рөлі қалады. ЖИ ешқашан педагогті алмастыра алмайды», – деді Қаныбек Жұмашев.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» деп аталады.

2025 жылы ипотекамен үй алу үшін айлығыңыз қанша болуы керек

Қазақстанда нарықтық ипотека мөлшерлемелері әлі де жоғары болып отыр, яғни жылдық мөлшерлеме 20%-дан асады. Ал "Отбасы банктегі" жеңілдетілген бағдарламалар қолжетімдірек болғанымен, онда тұрақты ресми табыс талап етіледі.

Қазақстандағы ломбардтар банктерден де көп табыс тапты ма?

Қазақстандағы ломбардтардың капиталы бір жыл ішінде 80%-ға жуық өсіп, 334 миллиард теңгеге жетті. Алайда сектордың өсуімен қатар бақылау да күшейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаражаттың шығу тегін және заңнаманың сақталуын қатаң қадағалауда.

МӘМС-ке төлеген ақшаны шешіп алуға бола ма?

Бұл сұрақ ай сайын еңбекақысынан жарна төлеп жүрген көптеген азаматты мазалайтыны жасырын емес. Көпшіліктің ойында: "Мен бұл жүйені пайдаланбасам, неге ақшамды қайтарып ала алмаймын?" деген күмән да жоқ емес. Көптің көкейін тескен сауалға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов жауап беріп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Қарлы боран, көктайғақ: 11 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 5 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының күрт нашарлайды.

Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады

Биыл жыл аяғына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын 5 каналды реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарланып отыр.