Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

1 ақпаннан бастап Қазақстанда мектептер мен балаларға арналған нысандарға жүргізілетін мемлекеттік бақылау тәртібі күшейтіледі. Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, тексерісті алдын ала ескерту балалардың гигиеналық құралдармен қамтылуы, төсек-орын мен киімнің тазалығы, тұрғын жайлардың санитариялық жағдайы, тамақ сапасы, ауызсуға қолжетімділік пен температуралық режим сияқты маңызды талаптарды анықтауға кедергі келтірген. Бұл мәселе, әсіресе, өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын кәмелетке толмаған балалар үшін өзекті.

Кенеттен тексеру қағидатын енгізу тексеру алдында адал емес бақылау субъектісінің уақытша «тәртіп орнату» мүмкіндігін болдырмай, объектінің нақты және объективті жай-күйін бағалауды қамтамасыз етеді. Ерекше тәртіп енгізу – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған жүйелі шешім. Бұл қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттырып, үдерістің барлық қатысушыларының, ең алдымен қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті спикер.

Жаңа бақылау моделі санитариялық талаптардың бұзылуын уақтылы анықтауға, инфекциялық аурулардың таралу қаупін азайтуға және балалар мекемелеріндегі жалпы санитариялық ахуалды жақсартуға көмектеседі деп күтіліп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл өзгерістер соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында сақталып келген және балалардың қауіпсіздігіне тікелей әсер еткен мәселелерді шешуге бағытталғанын алға тартты.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.