«Мектепке жол»: ҚАЖ қызметкерлері көп балалы анаға көмек көрсетті

«Мектепке жол» акциясы аясында Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Талғар аудандық пробация қызметінің қызметкерлері көп балалы анаға көмек көрсетті.

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны мүгедек болып табылады және алты бала тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі мектепте оқиды. Пробация қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған рюкзактар мен кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек көрсетті.

«Жыл сайын Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» акциясы өтеді. ҚАЖ қызметкерлері бұл акцияға белсене қатысады», — деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...