Мектеп оқушысы қалай тамақтанғаны дұрыс

Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – денсаулық пен табыстың маңызды кепілі екені белгілі. Өсіп-жетілу кезеңінде ағзаға жеткілікті және пайдалы қорек қажет. Оқушының дұрыс тамақтану қағидаты туралы BAQ.KZ тілшісіне Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев айтып берді.

Айтуынша, теңгерімді ас мәзірі баланың сергек жүруіне, жаңа ақпаратты тез меңгеруіне және түрлі ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді.

Биыл мектептерде оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай ұлттық стандарты енгізілді. Бұл бастама балаларды сапалы, қауіпсіз және теңгерімді тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған. Стандарт Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері, Қазақ тамақтану академиясы, ЮНИСЕФ және ДДҰ қолдауымен әзірленді, — деп атап өтті Мұхамғали Арыспаев.

Жаңа стандарттың негізгі талаптары мынадай:

  • тұз, қант және майдың мөлшерін азайту;
  • көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, сүт және ашытылған сүт өнімдері, майсыз ет пен балық үлесін арттыру;
  • табиғи емес тағамдар мен құрамында қант пен тұзы көп өнімдерді мәзірден шығару (шұжық өнімдері, фастфуд, қант қосылған шырындар, спредтер, консерванттар);
  • семіздік, қант диабеті, жүрек-қантамыр және басқа да аурулардың қаупін төмендету үшін қант мөлшерін 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін қысқарту.

Сонымен бірге құрамында қант бар сусындар газдалмаған су, сүт, ашытылған сүт сусындары, жеміс шайлары, компоттар және термиялық өңделген, қант мөлшері аз жеміс-жидек сусындарымен алмастырылды.

Мамандардың пікірінше, теңгерімді тамақтану – диета емес, ол өмір салты. Бала жастан дұрыс тамақтану дағдысының қалыптасуы келешектегі мықты денсаулықтың негізін қалайды.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.