Мектеп директорларын тағайындауға қатысты өзгеріс болады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорларын тағайындауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілетінін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе қазіргі таңда министрліктің бұйрығы ретінде қабылданбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр өзінің ведомство басшысы ретіндегі ұстанымын да ашық жеткізді.

Менің ойымша, бір мектеп директорына бір мерзім екі жыл болуы қажет. Бұл екі жыл дегеніміз – екі оқу жылы, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, егер директордың жұмысы оң нәтиже көрсетсе, яғни мектептегі білім сапасы жақсарса, оқушылардың оқу жетістіктері жоғарыласа, қауіпсіздік мәселелері шешіліп, мұғалімдердің біліктілігі жүйелі түрде жолға қойылса, онда директорға тағы бір мәрте мерзім беруге болады.

Мұндай жағдайда мектеп директоры тағы бір мерзімге тағайындалып, жалпы қызмет ету уақыты төрт жылға дейін созылуы мүмкін. Яғни негізгі тағайындалу кезеңі – екі оқу жылы, ал нақты нәтижелер көрсеткен жағдайда төрт жылға дейін ұзартуға болады деп есептейміз, – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бүгінгі таңда енгізілетін өзгерістің мәні дәл осы. Сонымен қатар ол бұл бастамаға қатысты қоғам мен білім саласы өкілдерінің пікірін білгісі келетінін де атап өтті.

Министр қазіргі кезде ұстаздар тарапынан мектеп директорларының озбыр әрекеттеріне байланысты көптеген шағымдар түсіп жатқанын айтты. Оның пікірінше, директор тек білім сапасы мен оқу процесін ұйымдастырушы ғана емес, өзі де кәсіби әрі білікті ұстаз болуы тиіс.

Сондықтан мұндай талаптарды біз жалпы қоғамның мәдениеті ретінде қалыптастыруымыз қажет деп санаймын, – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрі.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.