Меккеге баратындарға жаңа талап қойылмақ: бұл туралы не белгілі?

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап Сауд Арабиясы барлық шетелдікке, соның ішінде қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтарға менингококк инфекциясына қарсы міндетті вакцинация енгізіп отыр. Жаңа ережелер арнайы умра визасының иелеріне де, визаның басқа түрлеріне ие туристерге де қатысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вакцинацияға қандай талаптар қойылады?

Жаңа талаптарға сәйкес қажыларда мына вакцинация сертификаттарының бірі болуы керек:

  • кейінгі үш жылда және келгенге дейін кемінде 10 күн бұрын жасалған төрт валентті (ACYW-135) полисахарид вакцинасы;
  • кейінгі бес жыл ішінде немесе келгенге дейін кемінде 10 күн бұрын алынған төрт валентті (ACYW-135) конъюгацияланған вакцина.

Қажылар енді не істеуі керек?

  • Жеке медициналық орталықтарда вакцинацияға алдын ала жазылу ұсынылады.
  • Сертификат Сауд Арабиясының талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (ACYW-135 вакцинасы болуы қажет және мерзімдерді сақтау керек).
  • Қосымша ақпарат алу үшін Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын қарауға болады.

Айта кетейік, менингококк инфекциясы — қауіпті ауру, ол ауа тамшылары арқылы таралады және мүгедектікке дейінгі ауыр асқынуға әкеп соғады. Қажылық кезінде көп адам жиналған уақытта инфекция қаупі едәуір артады.

Еске салайық, бұған дейін Оразаға 24 күн қалғаны және ауыз бекіткен кезде қандай спортпен айналысқан жөн екені айтылды. 

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда.

Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.