Атырау облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің # 79 мекемесіндегі сотталған азаматшаларға Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Атырау облысындағы филиалының басшысының міндетін атқарушы Дарья Ульжагалиева Сергейқызы сауалнама өткізді.
Бұл сауалнама Қылмыстық — атқару жүйесі комитетінің жабық мекемелеріндегі сотталған азаматшаларға жүргізілуге арналған. Сауалнаманың мақсаты: сотталған азаматшалардың мекемедегі жағдайы және оларға қол жетімділігі туралы мәліметтер алу, бостандыққа шыққаннан кейінгі әлеуметтану шарттары, туыстарымен кездесуге қол жетімділігі, жабық мекемелердегі жыныстық қол сұғушылықты болдырмау болып табылады. Мекемедегі сотталған азаматшаларға сауалнаманың тақырыбы мен мақсатын Дарья Сергейқызы жете түсіндіріп, сауалнамаға жауап беру кезіндегі түсініспеушіліктерді дереу түсіндірді. Мекемедегі жазасын өтеуші сотталған азаматшалар қызығушылықпен сауалнамаға ерікті түрде өздерінің жауаптарын берді.


