Мекемеде оқу жаттығу өткізілді!

Түзеу мекемелері – сотталғандарды тәулік бойы бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын маңызды нысандардың бірі. Мекеменің және қызметкерлердің түрлі төтенше жағдайларға кез келген уақытта дайын болуы аса маңызды.

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің тапсырмасын және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының жоспарының тармақтарын орындау мақсатында, Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №79 мекемесінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД штаб тобының аға кезекші инспекторы әділет майоры Карабалин Гафур Жеңісұлы, жеке құрам бойынша инспекторы әділет аға лейтенанты Ислямов Абай Асылбекұлы және мекеменің жеке құрамымен «Қамал» арнайы жоспары бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Шара барысында мекеме қызметкерлерінің Дабыл чемодандары мен қызметтік куәліктерінің сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің дабыл енгізу кезіндегі іс әрекеттері тексерілді. Мекеме бастығы әділет подполковнигі Жандос Гарифоллаұлы мекеме қызметкерлеріне дабыл кезінде әрекет ету керектігін, атап айтқанда бекеттерді орналастыру, тойтарыс беру кезінде әрекет ету, төтенше жағдай кезінде жүру жолдары бойынша қосымша түсіндіріп нақты көрсетті. Жаттығу ҚАЖ қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде әрекет ету жолдарын үйрету және алдын ала пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...