Мекеме қызметкерлеріне үйлі болу жолдары түсіндірілді

Елімізде баспана мәселесі басты мәселелердің бірі. Сондықтан халқымызды үйлі ету үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қызметкерлерді үйлі етудің жолдары қарастырылуда. Осы орайда Өскемен қаласындағы «№24 мекемесіне» жас қызметкерлерді үйлі ету мақсатында қаржы жинау, дербес шоттар ашу арқылы қаржыны мақсатты түрде жинауға үйрету, түсіндіру үшін «Отбасы Банк» АҚ-ның қызметкері шақырылып арнайы жиын ұйымдастырылды.
Осы орайда айта кетсек, «Отбасы Банктен» арнайы шақырылған маман есепшот ашудың жолдарын түсіндіріп өтті. Шоттарды ашу үшін үш жақты келісімшарт жасалатынын, жинақталған төлемдер белгілі бір сомаға жеткен соң, қызметкер ең тиімді шарттар бойынша ипотекалық несие рәсімдей алатынын да атап өтті. Сондай-ақ жылдың соңында жинақталған сомаға банктен пайыздық сыйақылар да есептелетіні қызметкерлерді қуантты. Осы мәселеге орай атап өтер жайт, «ІІО қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдері мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүргізу, тоқтату, тоқтата тұру және қалпына келтіру қағидаларына» сәйкес, ҚР ІІМ ҚАЖК № 24 мекемесінің 42 қызметкері тұрғын үй төлемдерін алады. Яғни қызметкерлердің осы мүмкіндікті пайдаланып үйлі болу мүмкіндігі жоғары.
Жиын барысында кадрлар бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №524 Қаулысын яғни Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекітуге қатысты енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы жан жақты түсіндіріп берді. Аталмыш жиынның мекеме қызметкерлеріне берері мол болғаны қызметкерлердің ризашылығынан байқалды.

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...