12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мекеме мәртебесі кеңсеге істі қабылдау тәртібінен және әдептілігінен басталады

Хат, арыз, өтінім және тағы басқа талап арыздардың барлығы кеңсеге тіркеліп, содан кейін ішкі жұмыс бағыты бойынша жұмыстануға бөлінеді. Сондықтан кеңсе қызметкерлерінің қызметін оңай деп айтуға келмейді.

 Соның ішінде сот жүйесінде арыз, өтініш беріп жатқан адамдардың біреулері ашумен келеді. Ал, бұндай жағдайда жағдайдың ушығып кетпеуі маңызды. Бұл жерде кеңсе қызметкерлерінің әдептілігі басты орында, себебі әдепті сөйлеп, сабырлылықпен жауап қайтарудың өзі жоғарғы дәрежені көрсетеді.

 Ал кеңседегі тәртіптілік –құжаттардың уақтылы қабылданып, сапалы жұмыс нәтижесіне қол жеткізеді.

«Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» атты кітабында «Іс қағаздарының қызметтеріне жеке тұрғалар арасындағы қатынасты, жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты, әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші, мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші, жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы, мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші, тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі, мекеме мен ұйымның атқарған істерінің және мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші деп көрсетілген. Ал, іс қағаздарын сипаттарына саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда), әлеуметтік (қоғамдық –әлеуметтік қатынастарда), ұйымдастырушылық (басқару қызмет жүйесінде), құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда), тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда), ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде) делінген. Сонымен қатар құжаттау элементтеріне 1) құжаттарды дайындау, 2) құжаттарды жолдау, тіркеу, 3) сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу, 4) құжаттарды қолдануға дайындау, 5) құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау, 6)  құжаттарды мұрағат қорына дайындау деген.

Сондықтан кеңсе қызметкерінің тәртіптілігі жұмыс бағытының өз тәртібімен жасалуына, ал әдептілігі жеке адам мен қоғам арасындағы реттеуші ретінде жоғары нәтижеге жеткізетіні анық.

                                Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                        істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының   

                            бас маман – Сарсенкуль Толесбаева  

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...

Алаяқтың арбауына түспеңіз!

Қаржы алаяқтарының айла-амалдары күн өткен сайын күрделеніп барады. Олар...

Талап қоюдың тәртібі

Ел Президенті өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот...

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ...