Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани құндылығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы.
Бүгін Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің кітапханасы 400-ге жуық кітаппен толықты. Әдеби кітаптарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарту етті.
«Мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Мекемеде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады. Қазіргі таңда кітапхана қорында 6000–ға жуық кітап бар. Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау мекеме әкімшілігінің үнемі назарында»,- деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Жалғас Есмаханов .
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД