МЕКЕМЕ КІТАПХАНАСЫ ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің демеушілігімен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің кітапхана қорына 10 дана діни әдебиеттер сыйға тартылды. Оқырманнан мазмұнды, мағыналы құнды кітаптарды сыйлыққа алу ерекше құрмет. Өйткені кітапты үлкен жүректі кітапхананың тағдырына бейқам қарамайтын адам сыйлайды. Сотталған азаматтарға сыйға тартылған бұл кітаптар сөресінен ерекше орын алып қана қоймай, оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.

Осы орайда «Ақмешіт-Сырдария» мешіті дін қызметкерлеріне үлкен алғысымызды айтып, сыйға берген әр кітабы өз оқырмандарын табады деген сенімдеміз,-деді мекеме теологы Жамиев Мейрамбек.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...