Мекеме бастығының қатысуымен өткен сенбілік

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері күздегі, көктемдегі жағдайларға байланысты,сенбілікке шығуды игі дәстүрге айналдырған.

Бұл жолы әкімшілік ғимаратының сыртқы бетін имульциялап әктеу, сырлау жұмыстарынан кейінгі тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында , сенбілікке шықты.

Сенбілік барысында, қызметкерлер дәрежесіне қарамастан, бір үйдің балаларындай болды.

Мекеменің бас есепшісі Ж.Әлімбетова мен кеңсе бөлімінің инспекторы Г. Қарашаева, әділет старшинасы РжКБ- нің бақылаушысы М.Жұмабек пен мекеменің заңгері А. Мұратбек те білек сыбана кірісіп, тындырымды іс атқарды.

Жігіттер жағы су тасып, тіптен биік столға шығып,терезе тазалады.

Ал, нәзік жандылар төмендегі қасбетке тамған әк дақтарын кетіріп, жуып шықты.

Өтілген сенбіліктің нәтижиесінде, мекеменің әкімшілік ғимаратының терезелері мен қасбеті әктен, шаңнан толықтай тазартылды.

Сенбілікті сырттай бақылап өткен мекеме бастығы, әділет майоры Қ.Ильясов ұжым қызметкерлерінің ауызбіршілігіне разы болып, әзілдесіп, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...