Мекеме аумағына тыйым салынған заттардың кіруінің алдын алды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті және ведомстволық бағынысты мекемелері тұрақты негізде Солтүстік Қазақстан облысы мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу бойынша жедел-алдын алу іс – шараларын жүргізеді.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде көлік құралының «ЕС-164/3 мекемесі» РММ аумағына кіру кезінде кабинаны тексеруді жүзеге асыру кезінде 3 бірлік ұялы телефон мен 2 сим карта табылды және алынды, олар кейіннен осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға беруге арналған.

Әрі қарай жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде көлік құралының жүргізушісі азамат «Е» мекеме аумағына ұялы телефондар кіргізу ниетін мойындады және өз еркімен тағы 1 ұялы телефон мен 2 сим-картаны берді.

Жоғарыда көрсетілген ұялы байланыс құралдары белгілі бір ақшалай сыйақы үшін СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің аумағына әкелуге арналған.

Аталған факті бойынша азамат «Е» ҚР ӘҚБК 481 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Телефондар, сим-карталар, ақшалай қаражаттар мемлекет пайдасына тәркіленді.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Прозрачность, профессионализм и равные возможности для всех кандидатов

В Казахстане внедряется обновлённая система отбора на государственную службу....

Елім деген ер болса, ер деген ел болады

5 наурыз – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама...

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....