12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мейрамханаға ұрлыққа түскен мейрамхана қызметкері анықталды

Кентау қалалық полиция бөліміне мейрамхана иесі, жергілікті тұрғын арызданды. Кәсіпкердің айтуынша, оның мейрамханасына белгісіз біреу есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, теледидар, дыбыс күшейткіш, колонка аппараттарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 1 миллионнан астам шығын келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Аталмыш ұрлық қылмысы бойынша кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырып, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, сол мейрамхананың қызметкері болып шықты.
Белгілі болғандай күдікті ер адам мейрамханада техникалық құралдарға жауапты адам болып жұмыс жасаған. Содан ақшадан қиналған мейрамхана қызметкері мейрамханада ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өз арам ойын жүзеге асырған. Қолды қылған заттарды танысына сатып жіберген.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ортақ мүлікті бөлу бойынша қаралатын азаматтық істерден туындайтын сұрақтар, оның ерекшеліктері

      Ағымдағы заң талаптарына сай, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде...

Дертпен күресу

Бұл арада менің денсаулықтың ақаулығына айналған дертпен күресті тұмшалап...

Министр юстиции: поправки затрагивают более 80% Конституции и формируют основу для новой редакции Основного закона

На пятом заседании Конституционной комиссии Министр юстиции Республики Казахстан...

Әділет министрі: түзетулер Конституцияның 80%-дан астамын қамтиды жәнеАта заңның жаңа редакциясының негізін қалыптастырады

Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституциялық үлгіні кешенді жаңарту қажеттігінатап өтіп, елдің Ата Заңына түзетулер енгізу бойынша түйінді ұсыныстар жасады. Ол азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін, соның ішінде кінәсіздікпрезумпциясы, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартудың мүмкін еместігін жәнеөзінің кінәсіздігін дәлелдеуден босату қағидаттарын күшейтуге бағытталған 16-1-баптыңжаңа редакциясының маңыздылығын атап өтті. «Конституция ең жоғары заңдық күшке ие. Ең алдымен, азаматтың негізгі құқықтарымен бостандықтарын бекітіп, олардың кепілдіктерін белгілеуі тиіс», – деді Сәрсембаев. Сонымен қатар, министр түзетулер қолданыстағы Конституция мәтінінің 80%-данастамын қамтитындықтан, Ата заңның жаңа редакциясын қабылдауды талап ететінін...

Кардинально изменится конституционный строй, расширятся права и участие граждан

Необходимость принятия новой Конституции Республики Казахстан обсуждалась на пятом...