Медициналық мекемеге мәжбүрлі жатқызу: психиатриялық сараптама және сот рөлі

Егер тұлғаның ақыл-есі дұрыс еместігіне күмән туындаса, тергеу судьясы оны психиатриялық 
мекемеге мәжбүрлеп жатқызуға санкция береді. Бұл адамның жағдайын нақты анықтау үшін қажет.

Тергеу судьясы бұлтартпау шараларын қолдану кезінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай әрекет етеді. 
Судья шешімі тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектейтін болғандықтан, әрбір санкция нақты және жеткілікті негіздермен расталуы қажет. Бұл ретте судья прокурордың ұсынысын қарап, қорғаушының және күдіктінің пікірін тыңдай отырып шешім шығарады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көрсетілгендей, тергеу судьясының мақсаты – тергеу органдарының 
әрекеттерін бақылау және адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Осы мақсатта судья өз өкілеттігі шегінде мынадай шараларды жүзеге асырады:
— Бұлтартпау шараларын санкциялау (күзетпен ұстау, үйқамау, кепіл т.б.);
-Жасырын тергеу әрекеттеріне рұқсат беру;
— Мүлікке тыйым салу, эксгумация, халықаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылдау.

Тәжірибеде тергеу судьясының рөлі артып келеді. Өйткені ол адамның тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер қабылдайды. 
Осы себепті судьядан кәсіби дайындықпен қатар, бейтараптық пен әділеттілік талап етіледі.

Қорытындылай келе, тергеу судьясының өкілеттігі – адам құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі. Оның шешімдері қылмыстық процестің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

Жезқазған қаласының мамандандырылған 

тергеу сотының сот приставы Т.И.Алдабергенов 

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...