Медициналық сақтандыру қорына алматылықтардан 1018 шағым түсті

Биылғы жылдың 3 айында Медициналық сақтандыру қорына Алматы тұрғындарынан 1018 шағым түсті. Оның басым бөлігі медициналық көмектің сапасы мен консультациялық-диагностикалық қызметті күту мерзімінің ұзақтығына, көмек көрсетуден бас тарту фактілеріне қатысты, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалы.

Шағымдар Қордың fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы түскен.

Филиал өкілдерінің айтуынша, пациенттердің туындаған мәселені алысқа ұзамай-ақ, сол жерде шешуге мүмкіндігі бар. Ол үшін медицина мекемесіндегі пациенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгінуге болады.

«Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бас дәрігерге бағынады. Оның міндеті қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Сол себепті аудит қызметі медициналық көмектің пациенттерге толыққанды әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге, кемшіліктерді анықтап, дер кезінде жоюға мүдделі», — дейді филиал басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қандай жағдайда пациенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгінуге болады?

 шұғыл көмек көрсету үшін сақтандырылған статусын талап етсе;
 сақтандырылмағандықтан учаскелік дәрігердің қабылдауына жазудан бас тартса;
 емханаға тиесілі аумақта тұрсаңыз да учаскелік дәрігер/медбике үйге келіп қараудан бас тартса;
 салалық маманның жоқтығына байланысты немесе алдағы бір айда орын жоқ деген желеумен дәрігердің қабылдауына жазбаса;
 денсаулығыңызға қарай тиісті диагностикалық тексерулер мен зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
 дәрігер сізді қабылдаған кезде дөрекілік танытса;
 көрсетілген медициналық көмектің сапасы көңіліңізден шықпаса;
 қойылған диагноз бен тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданған жағдайда;
 медициналық деректерден қате тапсаңыз немесе көрсетілмеген қызмет «көрсетілді» деп жазылған болса;
 жалпы медперсонал қызметіне көңіліңіз толмаса және тағы да басқа жағдайларда ішкі аудит қызметіне жүгінуге болады.

МСҚ Алматы филиалының
баспасөз қызметі
8(727) 331 01 41

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...