12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕДИЦИНА: БӨЛІНГЕНМЕН ТЕҢГЕ, ӨЗГЕРІС ЖОҚ ЕМДЕ

Елімізде денсаулық сақтау саласы реформадан кенде емес. Басқаны айтпағанда, медициналық қызметтің сапасын, қолжетімділігін арттыру мақсатында түзілген Салауатты ұлт бағдарламасының іске қосылғанына екінші жыл. Алайда, миллиардтаған қаржы бағытталған бұл шараның тиімділігі көрініп отырған жоқ. Керісінше,медициналық қызметтің қазіргі жай-күйіне наразылық көбейіп барады.

Тек 2020–2021 жылдар аралығында денсаулық сақтау ісінің сапасына жасалған шағымдар саны екі еседен асып, 7800-ден 17,5 мыңға дейін өсіпті. Ал, шын мәнінде әр азаматқа денсаулық сақтау құқығын іске асыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау – кез келген мемлекеттің дамуының негізгі факторы екені белгілі. Бұл жөнінде Парламент Сенатында өткен «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбына арналған үкімет сағатында айтылды. Дәстүрлі бас қосуда еліміздің денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары талқыланған еді. Жиын тізгінін Палата төрағасының орынбасары Ольга Перепечина ұстаған болатын. Бас қосуда айтылған пікірлерден түйгеніміз саланың проблемалары қашанғысындай өзекті болып отыр. Олар емханалардағы кезектер, сирек сала мамандарының тапшылығы, ағымдағы тарифтердің нақты шығындарды жабуға мүмкіндік бермейтіні. Осыған байланысты медициналық ұйымдарда, әсіресе ауылдық жерлерде бюджет тапшылығы мен несие берешегі өсіп барады, кірікпеген ақпарат жүйесі жұмысының қиындығы шешілген жоқ. Ол көрсетілетін қызметтердің сапасына, шығындардың ашықтығы мен тиімділігіне кері әсер етіп жатыр. Ольга Перепечина талқылау барысында осы мәселелерге айрықша назар аударта келіп, халық денсаулығына негізделген қоғамдық шаралардың әлеуетін толық пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Осы ретте жедел жәрдем қызметін жеткіліксіз қаржыландыру жағдайына баға беріп, мәселенің ушығуына жол бермеу керектігіне назар аудартты. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, тиімділікке жұмсалатын шығыстарды жан-жақты талдап, денсаулық сақтау бюджетінің тапшылығын бағалауды, одан кейін қаражатты қайта бөлуді және ішкі резервтерді пайдалануды жүзеге асыруы тиіс. Бұл мәселені кейінге қалдыруға немесе ауыстыруға болмайды. Тағы бір маңызды шара Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы клиникалық хаттамаларды жаңарту және қайта қарау қажет. Перепечина ханымның айтуынша, кадр саясатындағы күрделі проблемалар жетілдірілмеген жоспардың салдары. Бұл 2017–2021 жылдар аралығында мамандар тапшылығының екі есеге дейін өсуіне алып келді. Оның үштен бірі дәрігерлер. Оған сонымен қатар білім гранттарын бөлудегі кемшіліктер де ықпал етуде. Есеп комитетінің мәліметінше, 2019–2021 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет есебінен 388,7 миллион теңгеге оқуын аяқтаған 157 түлек жұмыссыз қалды. Министрлік жұмысқа орналастыру мен жұмсалған қаражатты қайтаруды бақылауда ұстамайды. Осының салдарынан бірде-бір облыста денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етудің төменгі стандарты орындалмады. Сенатор Ақмарал Әлназарова Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған Орнықты дамудың жаһандық 17 мақсатына қол жеткізу жөніндегі міндеттеме алғанына назар аудартты. Оның айтуынша, оларды іске асыруда еліміз белгілі бір нәтижеге қол жеткізді. Бірақ денсаулық сақтау саласындағы мақсаттардың жартысы, яғни 14 көрсеткіштің жетеуі орындалған жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап сақтандыру жүйесіне енбеген репродуктивті жастағы әйелдерге жүктілікке жоспарлы түрде дайындық пен медициналық емделу шаралары қолжетімсіз болып қалды. Жүктіліктің 10-шы аптасынан кейін ғана әйел мемлекет тарапынан жеңілдік санатындағы азаматтарының қатарына қосылып, сақтандырылған мәртебеге ие болады. Еліміздегі ана өлімі жөніндегі ауыр жағдайды ескерсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде репродуктивті жастағы әйелдерге көрсетілетін медициналық қызмет көлемдерін қайта қарау қажет екені сөзсіз. Шыны керек, әр әйел, яғни болашақ ананың өз қаражатынан емделуге мүмкіндігі бар деп айтуға келмейді. Үкімет сағаты барысында республиканың Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя баяндама жасады. Мәселелерді талқылауға сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз мамандар және Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері қатысты. Қиындықтарға қарамастан, ұлттық денсаулық сақтау жүйесі одан әрі прогрессивті дамуды жалғастыруы керек. Бұл жауапты міндет мемлекеттік органдардың да, жергілікті атқарушы органдардың да, жалпы Үкіметтің де күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Жиында сенаторлар мұның маңыздылығын шегелей айтты. Үкіметке «Салауатты ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың сыртқы және ішкі тәуекелдерін талдау, олардың қойылған міндеттерге қол жеткізуді толық көлемде өлшеуге бағдарлануын күшейту арқылы көрсеткіштердің сапасын арттыру ұсыныстарын жеткізді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,