12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиацияның тиімді тұсы көп

Елде даудың көбеюі халықтың бірлігіне салқынын тигізеді. Дау артқан сайын еңбек өнімділігі төмендейді. Басы даумен шатылған адамның миында тыныштық болмайды. Содан келіп отбасынан береке кетеді, жұмысынан қиындық арылмайды. Сондықтан, баяғы бабаларымыздың құқықтық заңдарын жаңғыртып, кез келген келіспеушілікті сотқа дейін, сотта шешкен әлдеқайда тиімді. Бүгінде қолданысқа енгізілгеніне он үш жыл болған «Медиация туралы» заң да дауды өршітпей бітіруге, тараптарды татуластыруға үндейді.

«Медиация туралы» заң осы уақыт ішінде өзінің азаматтарға ыңғайлы, қоғамға қажетті екенін тәжірибе барысында көрсетті. Осы заңның қолданысқа енуімен елімізде кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатары көбейді. Уақыт өте келе тәжірибесін шыңдаған медиаторлардың бүгінде қызметіне жүгінетін қатары қалың. Ал дауларды медиацияның көмегімен бітірудің пайдалы жағы аз емес. Бұл ең алдымен еліміздегі жыл сайын өсіп келе жатқан сот жүктемесін төмендетуге, сот ісін жүргізуге жұмсалатын шығындарды шегеруге көмектесті. Бұдан бөлек, медиация азаматтар арасындағы татулықты сақтауға мүмкіндік беріп, тараптарды сот әуресінен құтқарды.

Медиацияның артықшылығы да аз емес. Соның ішінде тараптар медиаторды таңдауда ерікті. Олар медиатордың білімі мен әділдігіне күмән пайда болғанда, кез келген уақытта медиатор қызметінен бас тарта алады. Медиатор қос тарапқа тең қарап, дауды шешуде тәуелсіз және бейтарап болуы тиіс. Медиатордың көмегімен жанжал шешіледі, тараптар арасында ерікті келісім жасалады.

Бүгінде азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізудің кез келген сатысында татуластыру рәсімдерін қолдануға мүмкіндік бар. Заңда татуластыру рәсімін өткізу ережелері, келісімнің нысаны мен мазмұны, татуластыру рәсімін өткізу мерзімдері дәйектелген. Ең бастысы, медиацияны жүргізу мерзімі 30 тәуліктен аспауы тиіс. Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізген тараптар дауды реттеу туралы жасасқан келісімді дереу судьяға жібереді. Сот осы келісімді Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді.

Тараптардың тең құқықтылығы қағидатының маңызы зор. Яғни, шарт жасасу арқылы медиация қатысушыларының құқықтары мен міндеттері тең сақталады.

Қазір елімізде дауды тараптарды медиация арқылы, татуластыру арқылы және парисипативтік тәсіл арқылы шешу жолға қойылған. Дауды шешудің балама әдістерінің тиімділігіне халықтың да көзі жеткен. Сондықтан, алдағы уақытта халық арасында даулардың басым бөлігін медиация арқылы шешу мәдениеті қалыптасады деген сенімдеміз.

Даулет Аркинов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотыеың төрағасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...