12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация жүйесі жетілдіріліп келеді

Медиация жүйесі соңғы жылдары елімізде кең тарай бастады. Сот жүйесінде ғана емес, ұлттар арасындағы дауды шешудің кепілі болып Ассамблеяның Достық үйлерінде де кеңінен қолданыла бастады. Бұл— үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.  

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады. 

Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды. Негізі елімізде шетелдік озық жүйе аталып жүрген медиация ежелгі ата бабаларымыз қолданған бітімгершілік әдісі деуге болады. Ұлан байтақ жерімізде түрмесіз ақ тәртіппен басқарған еліміз талай дауда бітімге келіп тарқасқан. Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.  

Борибаев Аятулла, Бибосн Рустем, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенттері

Эксперты обсудили 30-летие Конституции РК на площадке КИСИ GPS

25 августа т.г. в Алматы Казахстанский институт стратегических исследований...

Республиканская Лига молодых предпринимателей меняет бизнес-ландшафт Казахстана

Молодые предприниматели Казахстана часто сталкиваются с серьезными вызовами: недостаток...

Мемлекеттік тіл – елдігіміздің тірегі

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік...

Конституция – ел дамуының даңғыл жолын айқындайды

Биыл қазастан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Ата-бабаларымыздың сан...