Медиация түсінігі қоғамымызға дендеп еніп келеді

Медиация түсінігі қоғамымызға енгелі 10 жылдан асса да, оның қаншалықты қоғам үшін пайдалы жүйе екенін енді түсініп келеміз. Өйткені осы уақыт ішінде жүйе қоғам талабына қарай бейімделіп, уақыт сұранысына сай жетілдірілді. Шетелдің озық жүйесі ретінде енгізілген жүйе өзіміздің сан ғасырлар бойғы дала төрелігін жүргізген ата бабаларымыздың ұстанған құқықтық жүйесі бітімгершілік болғандықтан түп төркіні бізге өте түсінікті.

Медиация тақырыбы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде өткізілген семинарда жан-жақты талқыланды. «Төрелік және медиация» пәні аясында ұйымдастырылған бұл сабақ заң ғылымдарының кандидаты, доцент, и.о. профессор Атаханова Салтанаттың жетекшілігімен өткізіліп, медиация түсінігін жан жақты түсінуге мүмкіндік тудырды.

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кінәлілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді. Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы — қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүмкін.  Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі.  Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі  және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Дауды шешуге медиаторға небәрі 30 күн уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс.

Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды. Бұл жүйе сонысымен де құнды.

Оразаева Мөлдір, Куанаева Дильнара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенттері.

Жетекшіге Атаханова Салтанат Карибаевна, з.ғ.к., доцент және м. а. профессор

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...