12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиация – даулы мәселені оңтайлы шешу

Сот жүйесінің дамуы қазіргі таңда күн санап қарқын алып келеді. Сонымен қатар, «Медиация» институты өмірге енгізілді. Медиацияның тарихы тереңде. Адамдар арасында алғашқы дау қай кезде туындаса, бітімгершілік те сол заманда пайда болған. Сондықтан, бұл әдіс алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде де болған.

2011 жылдың 28 қантарында Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» Заңына қол қойды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиаторлардың мәртібесін айқындайды. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру  негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі.Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады. Аталған заң медиацияны азаматтық-құқықтық қатынастардан, оның ішінде, кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асырауға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және /немесе/ заңды тұлғалардың өзге де жеке құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған.

Медиатор-бұл бітімгер. Бұл-қазақ халқының ұлттық болмасына ең жақын ұғым. Іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен, дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам деп түсенімін.

Қазіргі таңда судьялардың жүктемесі ауыр екені аян. Сондықтан, ең алдымен, кейбір істерді медиаторлардың қарауына беріп, соттардың жүгін әжептеуір жеңілдетуге қол жеткізіледі.

Бұл жол тараптардың өздері үшін де тиімді. Оның үстіне араздасқан адамдарды бітімгершілік жолмен татуластыру ең оңтайлы жол болып табылады.

Соынмен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасы аясында, татуластырушы-судья институты енгізіліп отыр. Аталған судьялар сотқа келіп түскен талап қоюлар бойынша сот өндірісіне қабылданғанға дейін тараптармен татуластыру жұмыстарын жүргізеді. Тараптарға шақырту қағаздарын жолдайды, олармен әңгімелесу жүргізіп, татуласуға ниет білдірген тараптар арасында дауды сотқа дейін медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер жасап, оны сот ұйғарымымен бекітіп береді.

 Қызылорда қалалық сотында 2024 жылы барлығы 1147 азаматтық іс татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған. Медиация тәртібімен 1070 азаматтық іс, оның ішінде 912 азаматтық іс сотқа дейінгі медиация тәртібімен, яғни татуластырушы-судьялармен аяқталған.

Заңның тиімді жүзеге асуы жөнінде, оның қолданылу аясы, медиация үрдісін жүргізудің қағидалары мен принциптері, даулардың жіктелуі, олардың алдын-алу тәсілдері, болдырмаудың әдістері, медиация жолымен дауды конструктивті түрде шешудің фактілері мен шарттары жайында Қызылорда қалалық сотында семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрады және де баспасөз беттеріне халықты ақпараттандыру үшін аталған Заң туралы мақалалар жарияланып отырады.

Қорыта келе, «Медиация» азаматтар арасындағы қарым-қатынаста талас-тартыс деңгейін төмендетуге, тараптардың қарым-қатынас мәдениетінің, этикасының жоғарылауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің көбеюіне әкеледі деген сенім бар.

«Ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмас» деп жатады халқымыз. Ендеше дауласуды азайтсақ, елге ырыс қонары анық.

М.Абилханова, Қызылорда қалалық сотының судьясы

Қайталама қылмыстың алдын алу жұмыстары жүргізілді

Қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық...

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 2026 жылдың 22 қаңтарында, ауа райының күрт нашарлауына,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ПОЛИЦЕЙ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен...

Полицейлер қызметтік тәртіп пен кәсіби жауапкершілікке ерекше мән беруі тиіс

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету –...

«АДАЛ ПОЛИЦЕЙ» ҚАҒИДАТЫН БЕРІК ҰСТАНҒАН ТӘРТІП САҚШЫСЫ

ҚР ІІМ-нің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал полицей» акциясы...