12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация – бізге таңсық дүние емес

Кез келген мемлекет сынды еліміздің де негізгі саясатының бірі – сот жүйесін дамыту болып табылады. Бір жағынан қарағанда соттар қоғамдық қатынастардан туындаған даулар бойынша сот төрелігін іске асырып, заңды әрі негізді шешім қабылдау функциясын іске асырса, екінші жағынан татуласу рәсімдері арқылы сот істерін бітіммен аяқтауды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда медиация кең тараған бітістіру мен табыстыру рәсімдерің бірі болып табылады. Бұл үрдістің кең етек алғаны соншалық кез-келген қоғамдық қатынастарда татуластыру құралы ретінде пайдаланып келеді. Жай ғана сот істерін алып қарайтын болсақ, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізудегі кейбір санаттағы істерде дауды медиация тәртібімін реттеу жолға қойылған.

Медиация туралы заңның қабылданғанына он жылдан енді асса да қазақ қоғамы үшін таңсық дүние емес. Бітім – дана халқымыздың ежелгі төл өнерінің бірі. Бұрынғы билердің сарқытына балатын бүгін сот жүйесі дауды шешудің осы түрін қолдану арқылы ата жолды таңдаған болып саналады.

Қазақ даласында медиация ұғымы кейін қолданғанымен, оның түп төркіні қазақтың билер соты арқылы дауды бітіммен аяқтау екені белгілі. Қазақта «дау мұраты біту» деген пәлсапалық сөз бар. Бұл жерде біту сөзі – бітім дегенді білдіреді. Демек қазақ қоғамында ежелден-ақ дауды бітіммен, ымырамен аяқтау кең етек алған және оған аса мән берген. Тарихқа үңілсек бұл қызметті от ауызды, орақ тілді би-шешедеріміз атқарған. Даудың ақ-қарасын шешіп қана қоймай, дауласушы тараптарды бітімге келтіру де олардың басты миссиясының бірі екенін аңғаруға болады.

Дау-жанжалды шешу үрдісіне арналған нақты талаптар қазақ халқының алғашқы Заңдар жинағы «Жеті жарғыда» да кездеседі. Көшпелі қоғамда дауға кесім айту ханның өзі болмаса дау тараптары тұратын ауылдардың билеушілердің не ақсақалдарының қолында болып, істі қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші тағы да екі адам шақырылуға тиіс. Егер айыпкер билерге күдік келтірсе, олардың ауыстырылуын өтіне алады. «Жеті жарғы» қазақтың билеріне қойылатын талап та, билер сотына берілген аса жоғары баға да бар. Қазақ билерінің даулы мәселені қарауын, шартты түрде, екі сатыға бөлуге болады.

Бірінші саты – дәл бүгінгі медиация үрдісіне арналған. Бұл жерде билер жанжалдасып, бидің алдына келген тараптардың өзара келісімге келуіне күш салған. Қазақ дәстүрінде бұл бағыттағы билік жұмыстарын «Бітім» деп атаған. «Бітім» дауласушы екі жақтың өзарасында келісімге, мәмілеге келуі, бидің көмегімен дау-жанжалды өздерінің тоқтатуы. Оны – екі жаққа берілген соңғы мүмкіндік десе де болады. «Бітімнің» соңы екі жақтың толық келісімімен аяқталады.

«Салауат» деп аталатын екінші кезенде дауласқан екі тарап бір- біріне кешірім жасап, талап-шағымынан бас тартады.

Ал «Береке» деп аталатын бітімшілік кезеңінде материалдық бағыттағы мәселе жөнінде өзара келісімге қол жеткен. Бұдан біз билер сотының басты мақсаты – екі жақты татуластыру, бітімге алып келу ха екенін көреміз. Сондықтан болар қазақта «Алдына келсе, атаңның құнын кеш», «Иілген басты қылыш шаппайды» деген аталы сөздер қалған.

Шынында да, медиация –тараптарға келіспеушіліктерді шешудің ең тиімді жолын нұсқайды.

Бүгінгі медиация рәсімі сотта тараптардың бастамасымен не соттың ұсынысымен жүзеге асады. Дегенмен, соттың дауды істің сотта қаралуы үдерісінде шешуге талпынысы деп қарауға болмайды.

Дауды ос рәсіммен аяқтау сотқа қарағанда, дау тараптарының мүддесіне тікелей байланысты.

Ең бастысы сот табалдырығын тоздырып шаршаған, ыза мен кек кендеген дауласушыларға тиімді тәсіл.

Сондықтан, ежелгі бітім салтына баланатын бүгінгі медиацияны таңдау — ата жолымыздан айнымағанымызды көрсетеді.  

Азат Әбдіразақов

Қызылорда қалалық сотының судьясы

Қызылорда облыстық Жас судьялар кеңесінің төрағасы

Медиация тиімді шешім

 Соңғы кезде дауларды балама тәсілдермен шешудің тиімділігін арттыру мақсатында...

Конституция – основной путеводитель в развитии и процветании страны

День Конституции имеет особое значение для народа Казахстана. Принятые...

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру – ортақ парыз

Еліміздегі мемлекеттік тілдің заңдық тұғыры, оның рөлі мен бүгінгі...

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....