12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация – бабалар мұрасы

      Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңы қолданысқа 2011 жылы енгізіліп, қазіргі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі болып келеді. Дауларды шешудің баламалы тәсілі соттарға артылып отырған жүкті едәуір азайтуға септігін тигізуде.

         Қазақ үшін медиация термині жат болып көрінгенімен, дауды шешудің бұл жолы сонау ертеден қазақ даласында қолданыста болғаны баршамызға аян. Бұрынғының соты болған сол заманның қазылары – билері алдына келген дауды ең алдымен бітімгершілікпен шешуді, араздасқанды татуластыруды ойлаған. Бидің шешімі екі дауласушыны да разы қылатындай болуы қажет болды.

          «Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» деген қанатты сөздер қазақ билерінің басты ұраны болды. Осылайша дауларды екі тарапқа да ортақ шешімін тауып, әділдікті орнатып отыратын еді.

          Қазіргі таңда осы аталған бабалар мұрасын жалғастыру — біздің мойнымызға артылған міндет. Осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстар жетерлік. Заң қолданысқан енгізілгеннен бері дауды бейбіт жолмен шешудің үлесі едәуір артты, сотқа дейін де, сот барысында да, тіпті соттан кейін де істер медиациялық келісіммен аяқталып жатыр.

          Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2024 жылғы тоғыз айында 136 азаматтық іс бойынша медиациялық келісім жасалып, 3 азаматтық іс партисипативтік келісіммен, 1 азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісіммен аяқталған, 4 қылмыстық іс бойынша сотталушылар жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

          Сотта бір татуластырушы судья-медиатор қызмет етеді, азаматтық істердің ішінен медиацияға келуі мүмкін істер бірінші осы татуластырушы судьяға түседі. Тараптар өзара келісімге келіп жатса, соттың ұйғарымымен медиация келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылады. Ал егер татуластыру рәсімдері өз нәтижесін бермеген жағдайда, ары қарай талап қою істі қарайтын судьяға бөлінеді. Медиациялық келісім тек татуластыру рәсімдері барысында ғана емес, соттың шешім қабылдау үшін шығып кеткен кезге дейін де жасала береді.

       Медиацияның тиімді тұстары өте көп, соларға тоқтала кетейік. Біріншіден, әркім үшін қымбат болып табылатын – уақытты үнемдеу, екіншіден, артық шығындардан арылу, үшіншіден тараптардың арасында жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу, төртіншіден, сотқа жүгінерде төленген мемлекеттік баж салығының кері қайтарылуы.

       Жоғарыда аталған Заңның сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың дауларды бейбіт шешудегі қызметін ары қарай да жалғастыру үшін маңызы өте зор. Осы мақсатта медиацияны қолдануды көбейтер болсақ, елдің ішіндегі даулар да азайып, бабалардың мұрасын сақтап қалған болар едік. 

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандырырылған ауданаралық сотының судьясы Е. Әмребеков

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....